Ми қыртысының құрылысы:
Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады. Әрбір қабатта жүйке жасушаларының бірнеше түрі бар. Олардың пішіні, көлемі, орналасуы әр түрлі.
1. Молекулалық табақша нерв жасушалары тор сияқты айқасып- өрілетін өсінділердің ұштық тармақшалары болады.
2. Сыртқы түйіршікті табақша
3. Сыртқы пирамидалы табақша
4. Ішкі түйіршікті табақша
5. Ішкі пирамидалы табақша
6. Мультипішінді табақша.
Бүйір қарыншалар – әрбір ми сыңарларының ішіндегі қуыс. Олар әр ми сыңарында сүйелді денеден төменірек, ортаңғы сызықтың екі жағында симметриялы орналасқан. Бүйір қарыншалардың үш мүйізі және орталық бөлігі бар: алдыңғы мүйіз ми сыңарының маңдай үлесінде басталып, самай үлесі қабатында төменгі мүйізге, ал шүйде үлесінде артқы мүйізге сәйкес келеді. Бұл мүйіздердің тұтасып – біріккен жері шеке үлесіне сәйкес келеді – бұл бүйір қарыншаның орталық бөлігін құрай -ды. Бүйір қарыншалар қарыншааралық тесік арқылы ІІІ – ші қарыншамен жалғаса-ды.
Негіздік (базальды) ядролар. Ми сыңарлары бетіндегі сұр қыртыстан басқа оның қабатында тағы да негіздік немесе қыртысастылық сұр зат жиындары жатады. Негіздік ядролардың 3 жиыны бар: 1) Жолақ дене, 2) Шарбақ, 3) бадамша тәрізді дене.
1.Жолақ дене, corpus striatum, бір - бірінен толық бөлінбеген 2 бөліктен тұрады: 1) құйрықты ядро, nucleus caudatus, 2) жасымық тәрізді ядро, nucleus lentiformis. Құйрықты ядро жасымық тәрізді ядродан жоғары және ортаға жақын жатады, одан ақ заттан тұратын ішкі қапшықпен (капсула) бөлінген. Оның жуан басы, денесі, құйрығы бар. Құйрықты ядро медиалды артқы жағынан таламусқа жанасып, одан ақ затпен бөлінген, ал алдыңғы, артқы жағынан оның басы алдыңғы тестелген затқа жетіп, сол жерде жасымық тәрізді ядромен қосылады. Екі ядроның қосылуынан ақ зат будалары арасында сұр жолақтар пайда болады, сондықтан « жолақ дене» д/a.
Нерв жүйесінің жетекші қызметі мен нейрогуморальдық реттелуі арқылы организм біртұтасқа бірігеді. Нерв жүйесі организм мен сыртқы ортаны да біріктіреді.
Нерв жүйесі қызметінің негізін рефлекс доғасы құрайды. Ол былай құралған: доғаның I -ші (сезімтал) нейроны жұлын түйіні жасушаларынан тұрады. Олардың шеткі өсінділері мүшелер мен тіндерде рецептор түрінде басталып, нервтер құрамында өтеді, ал орталық өсінділері артқы түбіршектер құрамында жұлынға енеді. Әр орталық өсінді жұлын ақ затына еніп, T тәрізді екі – жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармаққа бөлінеді, олардан бірнеше бүйір тармақшалар (коллатералдар) шығады да, барлығы бірнеше көрші сегменттердің артқы мүйіздерінде және алдыңғы дәнекерде аяқталады. Бұл жерде жатқан жасушалар қарапайым рефлекс доғасының II-ші (жалғастырушы) нейронын құрайды. Олардың өсінділері де жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді де, бірнеше сегменттердің алдыңғы мүйіз жасушаларында аяқталады. Олар III-ші (эфферентті, қозғалтқыш) нейронды құрайды, оның өсіндісі жұлыннан алдыңғы түбіршік құрамында шығып, одан әрі нервтер құрамында эффекторға жетеді. Қарапайым рефлекс доғасы осындай (жалғастырушы) нейрондармен, ал олардың тармақтары арқылы көптеген нейрондармен байланысады, сол себепті дененің бір нүктесіндегі тітіркену тиісті сегментке ғана емес, басқа да көрші сегменттерге беріледі. Соның нәтижесінде қарапайым рефлекс кең тарап, жауап реакцияға бұлшық еттердің үлкен тобы қатысады.
Жұлында аралық нейроны жоқ екі мүшелі доғалар да болады. Оның мысалы: бүгілген аяқты кішкене балғамен соққанда тізенің сіңірлі рефлексі пайда болады. Бұл кезде тітіркену сіңір рецепторынан жұлын түйініндегі сезімтал нейронның шеткі өсіндісіне беріледі, оның орталық өсіндісі артқы түбіршік құрамында жұлынға енеді де, алдыңғы мүйіздің сұр затына жетіп, оның жасушаларында аяқталады, олар II-ші, қозғалыс нейронын түзеді, оның өсінділері алдыңғы түбіршік және одан әрі бұлшықет нерві құрамында бұлшық еттегі эффекторға барады. Соның нәтижесінде санның 4-басты бұлшық еті сіңірін балғамен соққанда жауап ретінде бұлшық ет жиырылып, сирақ рефлексті түрде жазылады.
Ми дамыған сайын оның жұлынмен екі жақты байланыстары дамып, соның арқасында мидың әр жаңа қабаты пайда болуымен қатар онымен байланысқан афферентті және эфферентті нейрондар көбейеді. Рефлекс доғасы күрделеніп, оның әр бөлігіндегі бір нейрон орнына афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар түзетін нейрондар тізбектері пайда болады. Демек, нерв жүйесіндегіөткізгіш жолдар деп оның әртүрлі бөлімдерін байланыстыратын және құрылысы мен қызметі ортақ будалар жүйесіне біріккен, бірінің жанына бірі тығыз орналасқан нерв талшықтарын айтады. Өткізгіш жолдар организм бірлігі мен оның ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Адамда бір мезгілде көне де, жаңа да өткізгіш жолдар болады. Соның арқасында жұлын мидың барлық бөлімдерімен байланысады:сопақша мимен, мишықпен, ортаңғы мимен, алдыңғы мимен, үлкен ми қыртысымен.
Өткізгіш жолдар импульсты өткізу бағытына қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) афферентті; 2) эфферентті.
Достарыңызбен бөлісу: |