Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ТАҚЫРЫБЫ: Сілекей бездері:шықшыт безі,төменгі жақ асты,тіласты безі. Жұтқыншақтың бөлімдері және олардың құрылысы.Өңештің қабаттары, бөліктері және таралатын орындары



бет3/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
Анат лекция
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс
ТАҚЫРЫБЫ: Сілекей бездері:шықшыт безі,төменгі жақ асты,тіласты безі. Жұтқыншақтың бөлімдері және олардың құрылысы.Өңештің қабаттары, бөліктері және таралатын орындары


Сілекей бездері. Ауыз қуысына 3 жұп үлкен сілекей бездерінің өзегі ашылады : шықшыт безі, төменгі жақсүйек асты және тіласты бездері. Сонымен қатар ауыздың шырышты қабығында көптеген ұсақ бездер бар.
Шықшыт безі, glandula parotidea (құлақ маңы безі) – ең үлкен без, сірлі типті. Ол құлақ қалқанының алдыңғы төмен жағында тері астында жатады. Сыртынан қапшықпен қапталған, құрылысы жағынан күрделі ұяшықты без, оның өзегі 2 – ші жоғарғы үлкен азу тістің тұсында ауыз кіреберісіне ашылады.
Төменгі жақсүйек асты безі, glandula submandibularis аралас типті, көлемі жағынан екінші, құрылысы күрделі ұяшықты – түтікті без. Без үлестерден тұрады. Өзегі тілдің астына ашылады.
Тіласты безі, glandula sublingualis тілдің астында ауыз қуысы түбінде орналасып, тіл мен төменгі жақсүйектің ішкі беті арасында қатпар түзеді. Шырышты типті, құрылысы жағынан күрделі ұяшықты – түтікті без. Оның бірнеше өзегі бар. Ең үлкен өзегі тілдің астында төменгі жақсүйек асты безінің өзегімен қатарласа өтіп, онымен ортақ тесік арқылы немесе жеке ашылады.
Жұтқыншақ, pharynx, ауыз қуысы мен өңешті жалғайтын түтік, ұзындығы -12-15см. Ол бассүйек негізінен VI -VII-ші мойын омыртқаларына дейін созылады. Жұтқыншақ мұрын мен ауыз қуыстарының және көмейдің артында, шүйденің негіздік бөлігі мен жоғарғы мойын омыртқалардың алдында орналасқан. Жұтқыншақтың атқаратын қызметі: 1. Ауаны мұрын қуысынан көмейге өткізеді.2. Жұтыну уақытында тағамды ауыз қуысынан өңешке өткізеді.
Жұтқыншақтан алдында орналасқан ағзаларға сәйкес оны үш бөлікке бөледі: мұрындық, ауыздық және көмейлік. Жұтқыншақтың бассүйек негізіне жанаса жатқан жоғарғы қабырғасы күмбез деп аталады.
Мұрындық бөлігі қызметі жағынан таза тыныс алу бөліміне жатады. Оның басқа бөлімдерден өзгешелігі, қабырғалары қозғалмайтындықтан қабыспайды. Мұрындық бөлігінің алдыңғы қабырғасын хоандар алып жатады. Латералды қабырғасында есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі жатады. Осы тесіктің айналасында дөңестеніп лимфа бездері немесе түтік миндалиналары орналасқан. Бұл түзілістерді Пирогов- Вальдейер сақинасы деп атайды, оның құрамына екі таңдай, екі түтік, тіл және жұтқыншақ бадамшалары кіреді. Олар қорғаныс қызметін атқарады: мұрыннан, ауыз қуысынан өткен зиянды заттарды осы лимфа бездері залалсыздандырады.
Ауыздық бөлімі жұтқыншақтың ортаңғы бөлімі, ол алдыңғы жағында аран арқылы ауыз қуысымен жалғасады. Қызметі жағынан ауыздық бөлігі аралас болып келеді, өйткені онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет