Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет4/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Көмейлік бөлігі- жұтқыншақтың төменгі бөлігі. Ол көмейдің артқы жағында орналасып, көмей кіреберісінен өңеш кіреберісіне дейін созылады.
Қабырғасының құрылысы. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабаттан тұрады:
1.Ішкі - шырышты қабығы, 2. Ортаңғы - фиброзды қабық, 3.Сыртқы - бұлшықетті қабық. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің шырышты қабығы кірпікшелі эпителиймен жабылған, ал ауыздық бөлімінде эпителий көп қабатты жалпақ. Бұл жерде шырышты қабықтың беті жылтыр, сондықтан ас жентегінің жылжуына қолайлы. Онда орналасқан шырыш бездерінің секреттері мен жұтқыншақ бұлшықеттері де бұған көмектеседі.Жұтқыншақ бұл шықеттері екі қабатта орналасқан: бойлық және дөңгелек. Дөңгелек қабат күшті дамыған және үш қабатта орналасқан үш қысқышқабөлінеді: жоғарғы, ортаңғы және төмен- гі. Ал бойлық бұлшықеттер екеу:1. Біз- жұтқыншақ бұлшықеті, 2. Таңдай- жұтқыншақ бұлшықеті.
Жұту. Адам тамақ жұтқан кезде көмейді жоғары тартады. Ал тіл түбірі төмен түседі. Ол көмей қақпашығын басып, көмей кіреберісін жабады, бұл кезде жұтқыншақтық қысқыш бұлшық ет жиырылып, асты өңешке жылжытады.
Өңеш esophagus, жұтқыншақ пен асқазан арасында орналасқан және асты асқазанға өткізетін ұзын түтік. Ол 6-шы мойын омыртқасынан басталып, 11-ші кеуде омыртқасы тұсында асқазанға кіріп аяқталады. Ұзындығы 23 -25 см Өңеш мойын аймағында басталып, кеуде қуысына өтіп, көк етті тесіп, іш қуысына кіретіндіктен 3 бөлікке бөлінеді:
1.Мойындық: (pars cervicalis) VI мойын омыртқасынан II арқа омырткасына дейін орналасады. Онын алдыңғы жағында кенірдек жатады, бүйірінен кері жүйкелер мен ортак ұйкылык артериялар өтеді
2. Кеуделік: (pars thoracica) көкірек бөлігінің синтопиясы оның түрлі деңгейлерінде түрліше
а)Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің артқы беті — жоғарғы үштен бірі кенірдектің артында және солға таман жатады, оның алдында сол кері жүйке пен көмей нервімен, және сол жалпы ұйқы артериямен шектеседі,арт жағында — омыртқа жотасы, оң жағында өкпекап жанасып тұрады
ә) Өңештің ортаңғы бөлігінің алдыңғы беті: IV —кеуде омыртқаның тұсында кеңірдектің айырығымен және сол басты бронхпен шектеседі; артқы беті: кеуде түтігімен,сол төменгі беті: қолқаның кеуделік бөлігімен,оң беті: оң кезбе нервпен, және сыңар венамен,шектескен.
б)Өңештің төменгі бөлігінің артында және оң жағында қолқа, алдында жүрекқап,; сол кезбе нерв артында жартылай сыңар венамен, шектеседі.
3 .Іштік. (pars abdominalis) алдыңғы және бүйір беттері ішас- тармен жабылып орналасқан; алдыңғы және оң беті бауырдың сол бөлігімен; сол беті көк- бауырдың жоғарғы ұшымен шектескен.


Құрылысы: Өңештің қабырғасы ас қорыту жүйесінің тіке лей жалғасы болғандықтан, қабырғалары- ның құрылысы: шырышты, шырышасты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттан тұрады.
Өңештің көлденең кесіндісі мойындық бөлімінде көлденең саңылау, кеуделік бөлімінде дөңгелек немесе жұлдызша пішінді. Өңеш қабырғасы 3 қабықтан тұрады.
1.Ішкі-шырышты қабық (Типіса mucosa) Ішкі шырышты қабықта өзінің секреті арқылы тамақтың жылжуын жеңілдететін шырышты бездер бар. Керілген кезде шырышты қабық бойлық қатпарларға жиналады. Олар сұйықтың өңеш бойымен қатпарлар арқылы жылжуына және қатты ас кесегі өткенде өңештің созылуына әсер етеді. Бұған борпылдақ шырыш асты негізі де көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет