Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет67/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88
Байланысты:
Анат лекция
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс
Бел өрімі, plexus lumbalis - 3 жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан, IV- ші бел нервінің жоғарғы бөлігінен , ХІІ-ші қабырғаасты нерв тармағынан түзіледі. Ол бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында орналасып, тармақтар береді. Олар -дың бір бөлігі осы бұлшықеттің латералды жиегінен, бір бөлігі медиалды жиегінен шығып, бір бөлігі оны тесіп өтіп, оның алдыңғы бетінен шығады. Олар мыналар :
1) Бұлшық еттік тармақтар - үлкен және кіші бел бұлшық еті, белдің шаршы бұлшық еті.
2) Мықын - құрсақасты нерві- іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеті, бөксе терісі.
3) Мықын - шат нерві - қасаға, атабезі терісі немесе үлкен жыныс ернеуі.
4) Жыныс - сан нерві- екі тармаққа бөлінеді : 1) сан нерві - сан терісін,
5) Жыныс нерві - атабез қабықтарын, атабезді көтеретін бұлшық етті нервтендіреді.
6) Санның латералды терілік нерві- санның бүйір бетімен тізеге дейін түсіп, оның терісін нервтендіреді.
7) n. femoralis - сан нерві, ең жуан тармақ .
8) Жапқыш нерв - жапқыш тесік арқылы санға өтіп, сыртқы жапқыш бұлшық етті, ұршық буынын, барлық келтіруші бұлшықеттерді, олардың үстіндегі теріні нервтендіреді.
Сегізкөз өрімі, plexus sacralis - ең маңыздысы, ол IV-ші (төменгі) және V- ші бел нервінің алдыңғы тармағынан және 4 сегізкөз нервтерінің (S1 –SIV) алдыңғы тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір - бірімен қосылып, кіші шонданай тесігі арқылы жамбас астауы қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді: қысқа тармақтар аяқ - бел аймағын, ал ұзын тармақтар бүкіл аяқтар нервтендіреді.
Қысқа тармақтар:

  1. бұлшықеттік тармақтар - алмұрт тәрізді (S1 - SII); ішкі жапқыш, егіз бұлшықеттерді, санның шаршы бұлшықетін нервтендіреді.

  2. Жоғары бөксе нерві - ортаңғы бөксе бұлшықетін, жалпақ шандырды керетін бұлшықетті нервтендіреді.

  3. Төменгі бөксе нерві - үлкен бөксе бұлшықетін, жамбас - сан буын қабын нервтендіреді.

  4. Жыныс нерві (SI - SIV) кіші шонданай тесігі арқылы кері жамбас астауына барады, одан әрі аттас артериямен бірге шонданай – тікішек шұңқырының бүйір қабырғасымен өтеді. Осы шұңқырда одан төменгі тік ішек нерві шығады, ол сыртқы қысатын бұлшық етті және артқы тесік айналасындағы теріні нервтендіреді. Шонданай бұдыры деңгейінде жыныс нерві 2 тармаққа бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет