Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Эфферентті (төмендеген) өткізгіш жолдар



бет64/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Эфферентті (төмендеген) өткізгіш жолдар. Ми қыртысынан қыртыс-ядро және қыртыс - жұлын (пирамидалық жүйе), алдыңғы мидың қыртысасты ядросынан (экстрапирамидалық жүйе) және мишықтан шығады.
Қыртыс- жұлын немесе пирамидалық жүйе. I-ші нейрон денесі үлкен ми қыртысының орталықалды қатпарында жатады (алып пирамидалық жасушалар). Оның аксондары бірнеше құрылым арқылы сопақша миға түседі, талшықтардың бір бөлігі бассүйек нервтері ядроларымен байланысты. Бұл қыртыс – ядро жолы деп аталады. Оның бір бөлігі екінші жағына ауысады, басқасы өз жағында қалады. Бассүйек нервтері ядроларында жататын жасушалар аксондары сәйкес нервтер құрамында, нервтендіретін қаңқа бұлшық еттерінде аяқталады.
Ішкі қапшықтың артқы аяқшаларының алдыңғы 2/3 –де өтетін басқа бөлігі жұлын нервтері ядроларымен байланыс қызметін атқарады, жұлынның алдыңғы мүйіздеріне дейін түседі. Сондықтан қыртыс - жұлын жолы деп аталады. Ол ми сабауында сопақша миға өтіп, онда пирамидалар түзеді. Пирамидада қыртыс-жұлын жолының талшықтарының бір бөлігі айқасады, ол жұлынға түсіп, оның бүйір жіпшесінде орналасып, латералды қыртыс-жұлын жолын түзеді. Айқаспай қалған бөлігі жұлынның алдыңғы жібінде төмен түсіп, онда алдыңғы қыртыс-жұлын жолын түзеді. Бұл буда жұлынның ақ заты құрамында басқа жағына ауысып, соның нәтижесінде бүкіл қыртыс – жұлын жолы айқасады. Сондықтан әрбір ми сыңары қыртысы дененің қарсы жағының бұлшық еттерін нервтендіреді. Павлов бойынша бұл айқаспалар мидың бір жағының белгілі бір жері зақымданғанда нервтендіруді сақтау үшін керек нерв жүйесінің бейімделуі болып табылады. Пирамидалық жолды құрайтын аксондар алдыңғы түбіршік, сосын бұлшықет нервтері құрамында тұлға мен қол-аяқтардың жұлын нервтері нервтендіретін қаңқа бұлшықеттеріне келеді, яғни қыртыс ядро және қыртыс-жұлын жолдары қаңқа бұлщықеттерін сапалы басқаруға арналған пирамидалық жүйе құрайды. Бұл жүйе тік тұруға және еңбек үрдісі мен сөз сөйлеуде сапалы пайдалануға байланынысты адамда күшті дамыған.

ДӘРІС №35


ТАҚЫРЫБЫ: Шеткі жүйке жүйесі. Жұлын. Мойын, иық, бел,сегізкөз өрімдері, жүйкелендіру аймақтары

Орталық жүйке жүйесінен шығатын жеріне қарай нерв сабаулары жұлындық, nn.spinales және бассүйектік, nn.craniales болып бөлінеді.


Адамда 31 жұп жұлын нерві бар: 8 жұп мойын, 12 жұп кеуде, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз және 1 жұп құймышақ нервтері. Жұлын нервтерінің әр сегменті дене сегменттеріне сәйкес келеді, сондықтан олар латын әріптері және сандарымен белгіленген (мысалы, С1, Th1). Әр жұлын нерві жұлыннан екі түбіршікпен басталады : артқы - сезімтал, алдыңғы - қозғалыс түбіршігі. Екі түбіршік омыртқааралық тесіктен шыққаннан кейін бір сабауға қосылады. Қосылар жердің жанында және одан артқа қарай артқы түбіршік (сезімтал) түйін түзеді. Жұлын түйінінде жалған униполярлық нейрондордың денесі орналасқан. Оның қысқа өсіндісі (дендрит) артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы мүйізіне кіреді, ол сыртқы ортаның тітіркенісін нейронның денесіне жеткізеді. Ұзын өсінді (аксон) нейрон дененсінен басталып, шеткерідегі жасушада немесе жұмысшы мүшеде (мысалы, бұлшықетте) рецептор түрінде аяқталады. Екі түбіршік қосылып, жұлын нерві аралас нервке айналады.
Әр жұлын нерві омыртқааралық тесіктен шыққанан кейін 4 тармаққа бөлінеді : 1) Артқы тармақтар - арқа бұлшықеттері мен оны жабатын тері үшін.
2) Алдыңғы тармақтар- тұлғаның алдыңғы қабырғасы мен қол-аяқ үшін
3) Ішкі ағзалар мен тамырларды нервтендіру үшін - симпатикалық сабауға қосылатын қосушы тармақтар.
4) Менингеалды тармақтар – жұлын қабықтарын нервтендіру үшін. Олар омыртқааралық тесіктен шығып, қайтадан омыртқа бағанасының өзегіне кіріп, жұлын қабықтарын нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет