Дәріс №18 тақырыбы


Негізгі клиникалық синдромдар



бет3/14
Дата03.06.2020
өлшемі20,3 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
8.Негізгі клиникалық синдромдар:

1.Бүйрек шаншуы. Себебі.СимптомдарЗертханалық және аспаптық тексеру.

2.Нефроздық және зәр,ісіну синдромы. Клиника.Диагностика.

3.Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздіктің себебі.

Симптомдар ЖБЖ жәнеСБЖ.

4.Бүйрек артериялық гипертензия синдромы. Себебі.Симптомы.



ДӘРІС МАЗМҰНЫ:

Бүйрек ауруымен ауыратын науқастың негізгі шағымдары :ауыру(ауру сезімі,ісіну,несеп бөлудің бұзылуы,көздің көруінің нашарлауы,қызудың көтерілуі,тері қышымасы).



Ауыру сезімі.Бүйрек жіне несеп жолдары зақымданғанда ауыру сезімі бел аймағында,несеп жолдарының бойында және қуық тұсында болады.Жедел және созылмалы гломерулонефритте , пилонефритте,бел аймағы тұрақты түрде сыздап ауырады.Аталған аурулардағы ауру механизімі негізінен қанның іркілуіне сәйкес бүйректің үлкейіп,оның сыртқы қабының керілуіне байланысты болады.

Науқастың негізгі шағымдарының бірі –ісік .

Бүйрек ісіктерінің пайда болу механизімдері:

1)Зәр мен белоктың тұрақты түрде бөлініп отыруынан .

2)Бүйрек ауруларының себебінен шумақтық сүзілуі мен өзек ішілік қайта сіңірілуі бұзылып,натри мен судың бөлінуі нашарлайды,тіндерде су жиналады.

3)Капиляр қабырғаларының өткізгіштігі күшейеді.

4)Тұз, су алмасуының нейроэндокриндік реттелінуі бұзылады.Бүйрек ісіктері тез дамиды да ,тез тарайды,беттен басталып , бүкіл денеге тарайды,түсі бозғылт басып қарғанда жұмсақ болады.

Келесі негізгі шағымның бірі – зәр бөлудің бұзылуы .Қауыпті жағдайда сау адамның тәуліктік диурезі 1-1,5 литр шамасында ,зәр бөлінудің бұзылуы дизурия деп аталады.Полиурия деп тәуліктік диурездің екі литрден көп бөлінуін айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет