Дәріс №18 тақырыбы


Олигурия деп тәуліктік диурездің 500 мл–ден аз бөлінуін айтады. Анурия



бет4/14
Дата03.06.2020
өлшемі20,3 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Олигурия деп тәуліктік диурездің 500 мл–ден аз бөлінуін айтады.

Анурия деп несептің бөлінуінің тоқтауын айтады.

Поллактурия деп кіші дәретке жиі отыру.Бұл қуық пен үрпінің қабынуына тән.

Нектурия– несептің түнге қарай көп бөлінуі.

Стриангурия–несеп сыздаған– ашыған ауру сезімінен бөлінеді,бұл жағдай қуық пен үрпінің қабынуына тән.

Несе түсінің өзгерістері.Қалыпты жағдайда несептің түсі ақщыл сары болады.Несептің түсі оның консентрациясына ,құрамындағы заттардың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.

Аурудың даму тарихы.Бүйрек ауруларының дамуын анықтау үшін науқастан бұрын жедел түрде қандай жұқпалы аурулармен ауырғанын анықтау керек . баспа ,тымау, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы жедел нефриттің дамуынга себеп болады.

Аурудың өмір тарихы.Науқастан бұрын қандай аурулармен ауырғанын сұрау керек: пиелит,пиелонефрит.

Физикалық зерттеу әдістері

Қарап тексеру.Науқасты сырттай қарағанда тері қабатының бозғылттығы және ісіну байқалады.

Бүйректің ісігінің жүрек ісігінен бірқатар айырмашылығы бар:

1)Бүйрек ісігі тез дамиды,тез тарайды,жүрек ісігі баяу дамып баяу тарайды.

2)Бүйрек ісігі көбіне беттен басталып,барлық денеге жайылады,жүрек ісігі дененің төменгі бөлігіненбасталады.

3)Бүйрек ісігі тығыз болып келеді.

4)Бүйрк ісігінде бауыр өспейді,жүрек ісігінде бауыр көп жағдайда өседі.



Пальпация.

Қалыпты жағдайда бүйректерді пальпация әдісімен табу мүмкін емес.

Бүйректі екі жағдайда пальпация жасап анықтауға болады.

1)Бүйрек төмен түскенде (нефроптоз)

2)Бүйрек үлкейгенде

Бүйректің төмен түсу себептері

1)Құрса қабырғасының қуатының (тонусы) әлсіреуі

2)іш қуысы қысымның азаюы

3)жүдеуі

Бүйректің үлкею себептері

1)Бүйрек ісіктері

2)Гидронефроз

3)Пионефроз

Қалыпты жағдайда бүйрек ірі бұршақ тәрізді болоды.Консистенциясы шымыр, серпінді .серпінді,үсті тегіс,жылжып.орнынан қозғалып тұрады.Бүйрек ішіне несеп жиналу себепті үлкеюін –гидронефроз деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет