Дәріс №19 Тақырыбы: Қазақстанда жоғары білімнің және ғылымның дамуы Дәріс жоспары: «Сауатсыздық жойылсын»



Дата07.02.2022
өлшемі20,75 Kb.
#84829
Байланысты:
19-лекция (1)


ДӘРІС № 19
Тақырыбы: Қазақстанда жоғары білімнің және ғылымның дамуы
Дәріс жоспары:
1.«Сауатсыздық жойылсын» қоғамының құрылуы
2. 1920-30 жылдардағы мәдениеттің дамуы
1.Ғылым және білім саласындағы өзгерістер
2.Алғашқы орта және жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы
3.Мәдени ошақтардың пайда болуы
4.Осы жылдардағы ағартушылар.
Қазақстанда жоғары білімнің және ғылымының дамуы Жоғары оқу орындарының ашылуы. Ғылыми мекемелердің көбеюі. Ғылымның қазақстандық базасының кеңеюі. КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының құрылуы. Табиғат байлықтарының зерттелуі. Мұражайлар мен мұрағаттар. Жоғары және арнаулы орта бiлiм. Қазақстан зиялыларының қалыптасуы. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны — Қазақ педагогикалық институты 1928 жылы ашылып, оған кейiннен Абайдың есiмi берiлдi. 1931—1932 жылдары Оралда және Қызылордада педагогикалық институттар ашылды. 1929—1931 жылдары Алматыда зоотехникалық-малдәрiгерлiк, ауыл шаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң ашылуы республиканың мәдени өмiрiндегi елеулi оқиға болды. Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы рес- публикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негi- зiн қалады. Кейiннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалiмдер институттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта 101 құрылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 19 жоғары оқу орны, 120 орта арнаулы оқу орны жұмыс iстеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық жастар бiлiм алды. Республиканың жоғары оқу орындарында орталық институттар мен ғылыми мекемелердiң өкiлдерi педагогтiк жұмыс атқарды, ғылыми зерттеулер жүргiздi. Олардың арасында Б. Домбровский, Н.П.Орлов, М.П.Иванов, И.С.Бахал, К.П.Персидский және басқа көптеген көрнектi ғалымдар болды. Рес- публиканың жоғары бiлiм жүйесiнiң қалыптасуына С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А. Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Әуезов, Қ. Жұбанов және қазақ халқының басқа да ғылым мен мәдениет қайраткерлерi көп көмек көрсеттi. Алайда халық шаруашылығына ғылыми-техникалық кадрлар жетiспеу мәселесi шешiмiн таппады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикiзат қоры сипатын анық аңғартты. Жоғары оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезiлiп тұратын едi. Соғысқа дейiнгi бесжылдықтар кезiнде Қазақстанда сталиндiк қуғын-сүргiн салдарынан инженер-техник, ғылым және өнер адамдарының қатары сиреп қалды. Революцияға дейiн қалыптасқан зиялылар тобы жойылып кеттi. Жазалаудан жоғары мектептi ұйым- дастырушылар, әдебиет пен өнердiң көрнектi қайраткерлерi де көп зардап шектi. Ғылымның дамуы. 1920—1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңi болды. Өлкенiң тарихы, этнологиясы, экономикасы зерттеле бастады және жаратылыстану ғылымының iрi орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секцияларының жұмысына С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.П.Чулошников, А.Ю.Якубовский және басқа көрнектi ғалымдар белсене қатысты. 1919 жылдың желтоқсанында Орынборда Қазақстанның табиғаты мен тарихын зерттеу мақсатында тарихи- статистикалық бөлім ашылды. Онда Қазақстанның географиясы, халқының этнологиясы, демографиясы жөніндегі материалдар мен құжаттар жиналды және өңдеуден 102 өткізілді. Статистиктер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы санақтарын дайындауға және өткізуге қатысты. Петропавл және Көкшетау, Орал және Орда қалаларында Қоғамдық бөлiмшелер жұмыс iстедi. Қазақ тiлi мен әдебиетi саласында қыруар iстер атқарылды. Қазақша жазуды жетiлдiру, қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтарды қалыптастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Қазақ халқының тарихы мен этнологиясы жөнiнде еңбектер басып шығарылды. 1926 жылы М.Е.Массон ежелгi Тараз қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргiздi. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты жанындағы санитарлық-бактериологиялық институт ғылыми-зерттеу жұмысын өрiстеттi. КСРО Ғылым академиясының А.Е.Ферсман, Н.Г.Кассин, М.П.Русаков, С.С.Неустроев, И.М.Крашенников, Р.А.Борукаев, А.А.Гапеев сияқты көрнектi ғалымдары қатысқан геологиялық экспедициялары жер қойнауы мен пайдалы қазбаларды зерттеуге сүбелi үлес қосты. Республиканың ауыл шаруашылығын зерттейтін ғылыми мекемелер көбейе бастады. Тыңайтқыштар және агротопырақтану институты (1926), топырақтану институты (1929), мал шаруашылығы институты (1933), Вильямс атындағы жер бөлу институты (1936) және басқа ғылыми-зерттеу мекемелері ашылып, жұмыс жүргізе бастады. 1940 жылы Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы академиясының Қазақ филиалы құрылды. Республикада әртүрлі тәжірибе стансылары торабы құрылды. Ащысай қорғасын кенiшi, Қарағанды және Екiбастұз көмiр кенiшi, Ембi мұнайлы ауданы зерттелдi. 1926—1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының ке- шендi экспедициясы бүкiл Қазақстан аумағында статис- тикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Қазақстанның кең жазирасынан пайдалы қазбалардың аса бай қоры табылды. Бұл геологиялық ғылымның дамуын жеделдету қажеттігін тудырды. Қазақстан ғалымдарының, мемлекеттік жоспарлау комитетінің қызметкерлерінің қатысуымен КСРО ҒА-ның көшпелі сес- сиялары ұйымдастырылды. Ғылыми конференциялар өткізілді. Ғылыми форумдарда Қазақстанның өндіргіш күштерін дамытуда баға жетпес рөл атқарған Қарағанды (1933), Үлкен Алтай (1934), Үлкен Жезқазған (1934), Орал- Ембі мұнайлы өңірі (1935) зерттелді. Бірқатар жерлерде 103 пайдалы қазба орындары туралы құнды материалдар жиналды. Гидроресурстарды есепке алу да қарқынды жүрді. Республика көмір, түсті металл, басқа пайдалы қазбалардың бірқатарын өндіруде Одақтағы алдыңғы орындарға шықты. Бұл бағытта Қ.И.Сәтбаев, Н.Г.Кассин, М.П.Русаков, А.Д.Архангельский, И.М.Губкин, т.б. гео- логтер қажырлы еңбек етіп, ғылымда ерлік көрсетті. КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының құрылуы. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалын құру жағдайы жасалды. Бастапқыда оның құрамында зоология және ботаника секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған едi. 1935 жылы Гео- логия және тарих секторлары құрылды. Ғылым академия- сының базасына құрамында қазақ тiлi мен әдебиетi, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ Ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды. 1938 КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына айналды. Қазақстандағы ғылыми дамудың негiзгi бағыттарын белгiлеуге КСРО Ғылым академиясының президенттерi болған С.Н.Вавилов, В.Л.Комаров, Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестiк iрi түрколог, академик А.Н.Са- мойлович пен аса көрнектi геолог-ғалым, академик А.Д.Архангельский белсене қатысты. Қазақ және орыс ғалымдары қоян-қолтық жұмыс iстедi. Қазақстан ғы- лымының дамуына Қ.И.Сәтбаев зор үлес қосты. Ғылыми қызметкерлер, соның iшiнде, ұлттық кадрлар саны едәуiр артты. 1935 жылы профессор С. Асфендияров жазған “Қазақстанның көне заманнан бергi тарихының” бiрiншi бөлiмi жарық көрдi. 1920—1930 жыл- дардағы қазақ тiл бiлiмi мен әдебиеттану мәселелерi жөнiнде С.Сейфуллин, С. Мұқанов, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов жинақталған еңбек жазды. Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесiнде (жоғары оқу орындарын қоса алғанда) 1700-ден астам ғалым еңбек еттi. Мұражайлар мен археологиялық мұрағаттар. Қазақстан ғылымының даму үдерісінде Орынбор, Орал, Семей, Верный, Ақтөбе, Көкшетау қалаларының мұражайлары өзінше рөл атқарды. Тарихи архивтер пайда болды. 1920 жылы Семейде губерниялық архив басқармасы ұйымдастырылды. Артынан мұндай мекемелер Орал, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында пайда болды. 104 1935 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының жаңа жарғысы қабылданды. Табиғатты қорғау және елдің та- биғи ресурстарын дамыту қоғамы құрылды. КСРО ҒА- ның көмегімен ботаникалық бақтар, қорықтар ашылды. Республикадағы ғылыми мекемелердің қызметін одан әрі жетілдіру және олардың материалдық базасын жақсарту шаралары жүргізілді. Көне қалалар — Таразда, Қойлықта қазба жұмыстары жүргізілді. Профессор С.Асфендияровтың басшылығымен Қазақстанның өткен тарихына қатысты құжаттар мен материалдар жинағы жарық көрді. Қазақ тілінің дамуы. Қазақ тілі мен әдебиетін дамыту жұмыстары жүргізілді. Қазақ жазуы жетілдірілді, алғаш- қы оқулықтарды жасау қолға алынды. 1934 жылы Ұлттық мәдениет институты ашылды. Оның құрамында тарих, қазақ тілі, әдебиеті, фольклор секторлары болды. 1936 жылы институт КСРО ҒА-ның қазақстандық базасының құра- мына енді. Қазақ әдеби тілін дамытуға ерекше назар аударылды. А.Байтұрсынұлының басшылығымен Академиялық орталықта қазақ тілінің ғылыми терминдерін саралау; қазақ- тілді мектептердің бірінші және екінші буындары үшін оқулықтар мен оқу құралдарын жасау және аудару; қазақ тіліне саяси және саяси-ағартушылық әдебиеттерді аудару кезек күттірмейтін өзекті мәселелер деп саналды. Аталған Орталықтың күшімен қазақ тілінде жаңа оқу- лықтар жазуға белді ғалымдар кірісті. Қ.Сәтбаев — “Алгебра”, А.Байтұрсынұлы — “Сөз теориясы”, Ж. Аймауы- тов — “Мектепте қызмет істейтіндер үшін педагогикалық нұсқаулық”, М.Дулатұлы — ”Хрестоматия” оқулықтары мен оқу құралдарын жазды. Қазақ мәдениеті мен ғылымы ауыр жағдайларда дамыды және орнықты. Әсіресе қазақ әліпбиін алдымен 1929 жылы латыншаға, артынан 1940 жылы кириллицаға көшірудің рухани жүгі ауыр болды. Жаңа әліпби өзінше идеялардың сүзгіші функциясын атқарды. Кеңеске дейінгі кезеңде ғасырлар бойы жинақталған жазба мәдени мұрамен жастардың қауышуы қиынға соқты.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанда жоғары оқу жүйесінің қалыптасуына қысқаша сипаттама беріңдер.
2. Өлкенің тарихын, экономикасын, этнологиясын зерттеу орта- лықтары мен қоғамдардың қызметінің бағытын анықтаңдар.
3. Оқытылып отырған кезеңдегі қазақ тілін дамытудың негізгі бағыттарын атаңдар.
4. Мәдениеттiң даму үрдiсiнде орын алған кереғар екi тенденция- ны атаңдар және ол құбылыстың себебiне көңiл аударып, пiкiр алысыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет