Дәріс 2 Қазақстанның ортағасырлардағы тарихының тарихнамасы мен дерек көздері. Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнмасы
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының дерек көздері.
Қандай ғылым салсы болмасын оның өз даму тарихы бар. Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.
Тарихнама - тарихтың тарихын жазу. Ол өзіндегі бай деректердің негізінде қоғамдық ой-пікірді ілгері дамытады, факті, детальдарды салыстырып, іріктеу жолымен тарихи оқиғалардың құбылыстардың шындығына көз жеткізеді де оның ғылымдағы рөлін ширата, шыңдай түседі.
Сонымен бірге тарихнама өз обьектісіне алынған зерттеулердің ауқымын, сипатын, мазмұнын – идеясын, мақсат-тілегін аша отырып, автордың салаларға деген ой-пікірін түйіндейді, толықтырады, байытады. Сөйтіп, ғылым өрісін сатылап, кеңітіп тереңдетеді.
Адамдардың өздерінің өткен тарихына көз жіберуі сонау ерте заманнан басталған. Біз бұны дүние жүзіндегі халықтардың өз ата-бабаларының ерліктері туралы осы күнге дейін сақталған ертегі аңыздарынан, рулар мен тайпалардың шығуы туралы шежірелерінен білеміз.
Жалпы, тарихнама - тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, ол үнемі тарихнамалық зерттеулер деген ұғыммен тығыз байланыста болады. Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде пайда болған тарихи таным бағыттарына тән және әлеуметтік функциялар атқаратын принциптердің негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих ғылымының даму сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады және қол жеткізілген тарихи таным мен тарихи ойдың деңгейіне, сондай - ақ зерттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады. Тарихнамалық зерттеулер ғылым ретіндегі жалпы мәселелермен тығыз байланысты. Тарихи танымның даму жолдарын бірізді қарастыра отыра тарихнамалық зерттеулер тарих ғылымының қозғаушы күштерінің, әртүрлі ғылыми мектептердің бағыттарының пайда болуының және ауысуының заңдылықтарын, олардың объективті шынайылықтың көрсеткіштеріне орай қалыптастырған тұжырымдамаларының, сол ғылыми ой-тұжырымдардың өз заманының қоғамдық өміріндегі, тарих ғылымын дамытудағы маңызын айқындауға мүмкіндік береді. Белгілі бір тарихи тұжырымдаманың әлеуметтік- тарихи тәжірибенің тезіне төтеп беруі туралы мәселені анықтаудың міндетін қойған тарихнамалық талдау тарихи зерттеулердің теориялық тәжірибесін қорытындылауға алып келеді.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәлімет-тер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхат-шылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей кезімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныс-тардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.
Қазақстанның өткенін ғылыми зерттеуде I Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу максатымен колданылған шаралар маңыз-ды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы Тобыл бояры-ның ұлы С. Ремезов жазған «Сібірдін сызба кітабы» жарық көрді. Онда гео-графиялық деректермен катар, қазақ даласының археологиялык ескерт-кіштері туралы мәліметтер де келтірілген.
Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г. Ф. Миллердің баскаруымен жасалған бірінші академиялық экспедиция-ның есептерінде айтылған. Экспедиция кұрамында белгілі ғалымдар Л. Де-лаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеген еді.
1768—1774 жылдары Еділ бойының Оралдың, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерт-теу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақ-станда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі аса көрнекті ғалымдар П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рыч-ков, X. Барданес қатысты.
2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының дерек көздері