Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде


Қаржы тәуекелдерінің жіктелуі



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі214,5 Kb.
#117572
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
file-767 (1)

Қаржы тәуекелдерінің жіктелуі

Жіктеу белгісі

Қаржы тәуекелдерінің түрлері

Ақша ағындарының оқшаулану өрістеріне қарай

1. Өндірістік өрістегі қаржылық тәуекел;
2. Қаржылық өрістегі қаржылық тәуекел;
3. Инвестициялық өрістегі қаржылық тәуекел;
4. Төтенше қызметте болатын қаржылық тәуекел.

Пайда болу орны және жауапкершілік орталықтары бойынша

1. Жеке операцияның қаржылық тәуекелі;
2. Жауапкершілік орталықтарындағы қаржылық тәуекел;
3. Жалпы кәсіпорынның қаржылық тәуекелі.

Тәуекел деңгеіне қарай

1. Жоғары қаржылық тәуекел;
2. Орташа қаржылық тәуекел;
3. Төмен қаржылық тәуекел.

Инвестициялық шешім түріне қарай

1. Жеке дара қаржылық тәуекел;
2. Қоржынды қаржылық тәуекел.

Пайда болу факторына қарай

1. Сыртқы (жүйелі болатын қаржылық тәуекел);
2. Ішкі (жүйелі емес болатын қаржылық тәуекел).

Қаржы салдары бойынша

1. Тура экономикалық жоғалтулар немесе табыс әкелетін;
2. Жанама экономикалық жоғалтулар (алынбай қалған ұтыс) немесе табыс әкелетін қаржылық тәуекел.

Кәсіпорын активтерінің түріне қарай

1. Өтімділікті жоғалту тәуекелі;
2. Тиімділіктің төмендеу тәуекелі;
3. Депозиттік тәуекел;
4. Несиелік тәуекел
5. Келісімдік міндеттемелерді орындамау тәуекелі.

Қалыптасу көздерінің түрлері бойынша

1. Өзіндік капиталдың қаржылық тәуекелі;
2. Қарызды капиталдың қаржылық тәуекелі;
3. Уақытша келтірілген қаржының тәуекелі;
4. Капитал құрылымының тәуекелі.

Уақыттағы іс-әрекетіне қарай

1. Тұрақты, үздіксіз;
2. Уақытша.

Басқарылу дәрежесіне қарай

1. Толығымен жойылатын қаржылық тәуекел;
2. Азайтылатын қаржылық тәуекел;
3. Азайтылмайтын қаржылық тәуекел.

Қаржылық жоғалтулар деңгейіне қарай

1. Рұқсат етілетін қаржылық тәуекел;
2. Шекті қаржылық тәуекел;
3. Күйреуге әкелетін қаржылық тәуекел.

Зерттеу кешендігіне қарай

1. Қарапайым қаржылық тәуекел;
2. Күрделі қаржылық тәуекел.

Қаржылық басқару функциялары бойынша

1. Қаржылық жоспарлау тәуекелі
2. Қаржылық болжау тәуекелі;
3. Қаржылық реттеудің тәуекелі;
4. Қаржылық талдаудың тәуекелі;
5. Есебке алудың қаржылық тәуекелі.

Кәсіпорынның өмірлік циклының кезеңдері бойынша

1. Дайындық кезеңнің қаржылық тәуекелі;
2. Инвестициялық кезеңнің қаржылық тәуекелі;
3. Нарықты игеру кезеңінің қаржылық тәуекелі;
4. Өсу кезеңінің қаржылық тәуекелі;
5. Жетілу кезеңінің қаржылық тәуекелі;
6. Құлдырау кезеңінің қаржылық тәуекелі.

Кәсіпорын дамуының нышанына қарай

1. Эволюциялық дамудың қаржылық тәуекелі;
2. Революциялық дамудың қаржылық тәуекелі.

Өтімділікті жоғалту тәуекелі кәсіпорынның несие берушілердің талаптарын орындауға қажетті ақша қорларының жетіспеушілігі болу жағдайында туындайды.


В.В. Ковалев кәсіпорының өтімділігін жоғалту тәуекелін зерттеген кезде оны айналым капиталын басқару өрісімен ғана шектейді [23]. Алайда, тәуекелдің бұл түріне кәсіпорынның инвестициялық және қаржылық өрістерінде өтетін процестер де әсер етеді, өйткені олар да кәсіпорынның ақша ағындарына кіреді.
Өтімділікті жоғалту тәуекелі шығындардың болу немесе тиімділіктің төмендеу тәуекелімен тығыз байланыста болады. Ол фирманың кредиторлық қарыздылықты төлеуге қажет ақшаның жетіспеушілігі жағдайларында өзінің айналым қаржысының бір бөлігін сату қажеттігінен туындайды.
Тиімділіктің азаюы және өтімділікті жоғалту тәуекелдерінің арасында компромиссті қамтамасыз ету процесі айналым капиталын басқару процесінде туындайтын тәуекелдің нақты түріне тәуелді болады.
Ықпал ету объектісіне қарай айналым капиталын басқару процесінде тәуекелдердің екі тобы бөлінеді:
1) өтімділікті жоғалту немесе тиімділіктің азаюы тәуекелі ағымдағы активтердегі өзгерістермен айқындалса (сол жақты тәуекел)
2) өтімділікті жоғалту немесе тиімділіктің азаюы тәуекелі ағымдағы міндеттемелердегі өзгерістермен айқындалса (оң жақты тәуекел) [23].
Құрамында сол жақты тәуекелдер болатын құбылыстарды В.В. Ковалев толық қарастырған болатын. Бұл: ақшаның жетіспеушілігі, өзіндік несиелік мүмкіндіктердің жетіспеушілігі, өндірістік қорлардың жетіспеушілігі, ағымдағы активтердің артық көлемі.
Оң жақты тәуекелді тудыратын құбылыстар: кредиторлық қарыздылықтың жоғары деңгейі, несиелік қаржының қысқа және ұзақмерзімді көздері арасындағы тиімсіз ара-қатыс, ұзақмерзімді несиелі капиталдың жоғары үлесі.
Тәуекелдерді басқару көзқарасынан қаржылық тәуекелдің мазмұнын басқарушылық функциялар қарастырған дұрыс болады.
Қаржылық жоспарлау тәуекелі келесі тәуекелдердің жиынтығы ретінде қарастырылады: шығындардың өзгеру тәуекелі, қаржылық жағдайдың өзгеру тәуекелдері, өнімді өткізудегі тәуекелдер. Осы аталған тәуекелдер бюджетте саналған ақша ағындарының үйлеспей қалуына әкелу мүмкін.
Қаржылық болжау тәуекелі тәуекелдің сандық параметрлерінің уақыттағы бөлінуінен туындаған ақша ағындарының сәйкессіздену ықтималдылығын сипаттайды.
Тәуекелдің бұл түрі ақпараттың асимметриясымен және ақша ағындарын болжауда қолданылатын әдістемелердің субъективтілігімен айқындалады. Көбінесе, бұл тәуекел кәсіпорынның сыртқы экономикалық ортасы туралы ақпараттың толық еместігінен туындайды.
Қаржылық реттеу тәуекелі оперативті қаржылық жұмыс барысында пайда болады. Ол қолайсыз жағдайларда ақша ағындарында болатын ауытқулармен сипатталады. Берілген тәуекел келесі тәуекел түрлерімен тығыз байланыста болады.
Объектіні қолдануға кешіктіріп жіберу тәуекелі инвестициялардың ақталу мерзімін өсіреді, өйткені, біріншіден, күрделі құрылыстың құны өседі, екіншіден, салынған қаржыны қайтаруға кеткен уақыт қысқарады. Көбінесе, бұл тәуекел күрделі құрылысты қымбаттататын бағалардың жоспарланбаған өсуінен болады.
Қолайсыз оқиғалардың болу жағдайында жобалық қуаттарды толық тиемеу тәуекелі жабдықтың бір бөлігінің тоқтап тұруына әкеледі. Бұл тәуекел шикізатты жеткізуде немесе өнімді өткізуде болатын ақаулықтарға байланысты туындайды.
Қаржылық реттеу тәуекелі қаржылық талдау және есепті қаржылық тәуекелдермен тығыз байланыста болады.
Қаржылық талдау тәуекелі қойылған міндеттерге сәйкес болмайтын талдау әдістерін таңдауға негізделеді. Қаржылық талдау тәуекелі әсіресе сыртқы тәуекелдер факторларын зерттегенде жиі пайда болады.
Есепті қаржылық тәуекел кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп саясатының ақша ағындарына басқару процестеріне сәйкес болмауына байланысты болады.
Қаржылық тәуекелдердің іс-әрекеті кәсіпорын қызмет етуінің сыртқы және ішкі орталарының үнемі өзгеруімен айқындалады. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде белгілі бір өмірлік циклы болады. Сонымен, кәсіпорын жетекшілігінің тағы бір міндеті ретінде фирманың өмірлік циклы кезеңінің ұйымдастырушылық-экономикалық ерекшеліктерін есебке алып қаржылық тәуекелдерді басқару бойынша шаралар кешенін жүргізу уақытын дәл анықтау және жаңа сапалық жағдайға ауысумен байланысты қайта құрулар уақытын анықтау болады.
Әртүрлі елдерде және салаларда кәсіпорынның өмірлік циклының ұзақтығы әртүрлі болады. Алайда өмірлік циклдың қисығы жеке бөліктерден (кезеңдерден) тұрады, әрқайсысы кәсіпорынның уақыттың осы не басқа мерзімінде пайда болатын сыртқы және ішкі шарттардан тәуелділігін сипаттап көрсетеді және ол барлық экономикалық субъектілерде ұқсас болады. Әр кезеңде кәсіпорынның қызмет ету процесіне әсер ететін қаржылық тәуекелдердің ерекше топтары болады. Кәсіпорын өмірлік циклының әртүрлі кезеңдерінде әсер ететін тәуекелдердің ерекшелігін жұмыстың үшінші бөлімінде толығырақ қарастырамыз.
Қаржылық тәуекел деңгейінің және кәсіпорынның өмірлік циклы кезеңдерінің арасындағы өзара байланысты сурет 2-де көруге болады.

Сурет 2 - Кәсіпорын өмірлік циклының әр кезеңіндегі қаржы тәуекелінің деңгейі
Сонымен, қаржылық тәуекел кәсіпорынның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде іс-әрекет етеді. Қаржылық тәуекелдер нышандарының көптүрлілігі қаржылық тәуекелдерді басқару әдістеріне дифференциациялық тәсілді қолдануды талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет