Кәсіпорындардың жіктелуі Атқаратын қызметіне, өндіріс жағдайына, алдына қойған мақсатына байланысты кәсіпорындар әрқилы болады. Әрекет етушілердің жұмысына тереңірек талдау жасау үшін атқаратын қызметінің түрі мен мәніне, меншік түріне, салым иесі мен қадағалауына, құқықтық жағдайларға байланысты кәсіпорындар жіктеледі.
Нарықтық экономикада иелік етуге байланысты екі топтағы, кәсіпорын болады. Бірі – жеке меншік, екіншісі – қоғамдық. Жеке меншіктің ең қарапайым түрі үй шаруашылығы, үлкендері кәсіпорындар (өндіріс – завод, фабрика, ауылшаруашылық). Екіншісі қоғамдық, ол екі түрлі – бірі ұжымдық (біріккен), екіншісі мемлекеттік.
Қазіргі кездегі Қазақстанда мынандай ұжымдық кәсіпорын түрлері пайда болды: шаруа қожалықтары, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шағын кәсіпорындар, іскерлер бірлестігі.
Шаруа қожалықтары бір немесе бірнеше жан-ұядан тұрады. Шаруашылық серіктестіктері бірнеше қожалықтар бірігіп ұйымдастырылады. Ауылшаруашылығы серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы № 133-11 ҚРЗ – заң бар, ол 23.12.2000 жылы шыққан.
Серіктестіктердің бірнеше түрлері бар, олар жауапкершілігі шектеулі (ЖШС), толық серіктестік, сенімге негізделген (командиттық) серіктестіктер.
Акционерлік қоғамдар (кәсіпорындар) өз жарғысымен, мүшелерінің акция үлесіне байланысты билігімен жұмыс атқарады. Олардың түрлері ашық, жабық болып келеді. Кооператив, шағын кәсіпорындар өз заттарын, қаржыларын біріктіріп жұмыс істейді. Кәсіпорындардың өз есеп-шоты, мөрі болады. Басқа орындармен келісім-шарттар жасап қарым-қатынас жасайды. Мемлекетке салықтар төлеп, қарыздар алады.
Нарықты экономикада мемлекеттік кәсіпорындардың саны мен үлесі аз, олар негізінен экономикалық саясатқа, мемлекет қауіпсіздігіне байланысты туындайды да, толықтай мемлекет басшылығында жұмыс істейді. Мемлекеттік кәсіпорындар арнайы мақсаттағы құрылымдар, оның пайда болуы ежелден сақталған ұлттық қауіпсіздігін қорғауға қажеттілері, немесе кейіннен сатып алынғандар. Нарықты экономика кезінде мемлекеттік кәсіпорындар экономиканы реттеуге қолданылады.
Кәсіпорындар қорлануына байланысты да бөлінеді. Мұнда қор иесінің араласуы шешім табады. Ұлттық кәсіпорындар өз еліндегі кәсіпкерлердікі, ал шетелдік – олардың салымына құрылғандар, үшіншісі аралас, бірнеше мемлекеттің кәсіпкерлері біріксе көп ұлтты саналады.
Қызмет түрі мен мағынасына байланысты кәсіпорындар әрқилы болады, ол салаларда өнім өндіруші, өндірістік емес болып бөлінеді. Оларды, жіктесек мысалы: өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы, қарыз-қаражат, тасымалдау, тағы басқалары. Өнеркәсіп орындарының өнімінен айналымның 50% астамын алады.
Сауда кәсіпорындарының негізгі қызметі сауда-саттық. Ал, тасымалдаумен шұғылданатындары өнеркәсіп, сауда орындарының сұранысын қанағаттандырады.
Өндіретін өнімнің түрі мен атқаратын қызметіне байланысты машина жасау, көмір шығару, қауіпсіздендіру, тағы басқадай болып жіктеледі.