Әдебиеттік оқу
Математика
Қазақ тілі
Денешынықтыру
13
13
13
спорт зал
Әдебиеттік оқу
Математика
Қазақ тілі
Денешынықтыру
СӘРСЕНБІ
1
2
3
4
Әдебиеттік оқу
Математика
Қазақ тілі
Еңбекке баулу
13
13
13
10
21
Әдебиеттік оқу
Математика
Қазақ тілі
Еңбекке баулу
Орыстілі
БЕЙСЕНБІ
1
2
3
Математика
Қазақ тілі
Дүниетану
Еңбекке баулу
13
13
13
10
Математика
Қазақ тілі
Дүниетану
Еңбекке баулу
ЖҰМА
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Өзін-өзі тану
Музыка
Денешынықтыру
13
13
13
спорт з
13
Математика
Қазақ тілі
Өзін-өзі тану
Музыка
Дене шынықтыру
СЕНБІ
1
2
3
Әдебиеттік оқу
Бейнелеу өнері
13
13
10
Орыстілі
Әдебиеттік оқу
Бейнелеу өнері
Біріктірілген сыныптағы сабақ – оқу-тәрбие үдерісінің негізгі нысаны. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады, бірақ өзгешеліктері бар. Сабақ құрылымы:
- мұғалім басшылығымен жұмыс;
- өздік жұмыс.
Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.
Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді.
Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылындағы №17 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі С.Алдабергенованың екі сыныпты (2-3) біріктіре жүргізген сабағының жоспарын үлгі ретінде ұсынамыз.
Шағын жинақты мектептегі қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары үлгіcі
2-СЫНЫП Қазақ тілі
3-СЫНЫП Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Дара және күрделі етістік
Негізгі және туынды етістік.
Сабақта көзделген мақсат:
1)Оқушылардың етістік туралы білімдерін толықтыру; етістіктің құрамын ажырата білу;
2) Сөздердің айтылуы мен жазылуын түсіндіру.
Оқушылардың етістік туралы білімдерін толықтыру; етістіктің тұлғасына талдай білу;
2) Туынды етістік жасайтын жұрнақтарды ажырата алу;
Сабақтың көрнекілігі:
Іс-қимылды бейнелейтін суреттер, әр оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт, кесте
Етістік кестесі, негізгі және туынды етістікке арналған перфокарталар,
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар.
(2-3- сыныптарға ортақ қайталау)
Етістік туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады:
· Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар етістіктің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына сұрақтар жалғастырылды.
· Етістік сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да, етістіктің астын сызыңдар.
· Оқушылар жаңа сабаққа даярлық ретінде етістіктің құрамдық турлеріне мысалдар беру арқылы салыстырмалы түрде дара және күрделі деген ұғымдардың мағынасын ашу.
Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара және күрделі етістікке мысал келтір. Сұрақтарға жауап беру, мысал келтіру арқылы өткен материал пысықталды. Жаңа материалды түсіндіру.
Кестедегі мысалдарды түсіндіру арқылы оқушыларға негізгі және туынды етістікке ереже шығарту.
Өз бетімен орындалатын жұмыс.
Кестеде жазылған етістік (дара және күрделі түрін) сөздерін, сұрақтарын оқып, танысып, өздеріне мысалдар жазу тапсырылды.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс
а) кесте бойынша жазылған сөздерді оқытып, дара және күрделі екендігі сұралады
ә) қалған тапсырмалар да осындай ретпен тексерілді.
б) кестеде жазылған сөздерді оқытып, дара етістіктің бір ғана сөзден жасалатындығы, күрделі етістіктің бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалатындығын түсінеді. Оқулықтан ережені оқытып, ауызша мысал айтылды.
Өз бетімен орындалатын жұмыс. Дайын тұрған конверттен карточкаларды алып, берілген тапсырмаларды орындату (бірнеше етістіктерді беріп, дара, күрделі түріне сөйлемдер құрату; қысқаша мәтіннен дара, күрделі түрлерін ажыратып жазу;
Өз бетімен орындалатын жұмыс.
Әр оқушы күні бұрын алдарына қойылған конверттен перфокарта алып, берілген сөздерден негізгі және туынды етістіктерді ажырату.
18-жаттығу
Бейнесөз шешкізу.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.
Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу және перфокарта бойынша жазғандарын кезектестіріп оқытылды.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.
Электрондық оқулықтан «Бауырсақ» ертегісін көрсету арқылы оқушыларды сергітіп алып, ертегі екі түрлі мақсатта пайдаланылды.
Екінші сынып оқушылары етістіктерді теріп жазып, оны дара және күрделі түріне талдайды.
Үшінші сынып оқушылары етістіктерді теріп жазып, негізгі және туынды түріне талдайды.
Осылайша сабақ соңында екінші және үшінші сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалды.
Шағын жинақты мектептердің басты мәселелерін былай көрсетуге болады:
- қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы;
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
- кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік жоқтығы;
- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы;
- арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы;
- мұғалімдердің, әсіресе, тәжірибесіз жас мамандардың шағын жинақты мектеп ерекшелігіне байланысты оқыту үдерісіне дайын болмауы;
- мұғалімдердің біріктірілген сыныптардағы сабаққа дайындалу, өткізу барысында шамадан тыс жүктеме орындағанына қарамастан, еңбекақыларына үстемеақы қосылмауынан, ынталарының төмендеуі;
- әмбебап кәсіби педогогикалық мамандардың жетіспеушілігі;
- мұғалімдер ұжымының орташа жас көрсеткішінің жоғарылығы;
- материалдық-техникалық базаның нашарлығы;
- оқу үдерісінің интерактивті-мультимедиялық құралдармен, зертханалар мен компьютерлік сыныптармен жасақталмауы, жасақталған күнде де мұғалімдердің барлығының бірдей ондай заманауи құрылғылармен жұмыс істеуге дайын болмауы;
- сыныптағы оқушы санының аздығына қарамастан, жыл санап ҰБТ көрсеткішінің төмендігі.
Республика бойынша шағын жинақты мектептердің жұмысын ұйымдастыруға кедергі болатын мәселелер ортақ, сондықтан да оларды шешуде де барлық осындай деңгейдегі мектеп ұжымы ортақтасып еңбек еткені абзал.
Шағын жинақты мектеп саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай отырғаны белгілі. Олай болса, бұндай мектептегі оқу сапасы барлық ел азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етеді. Ал оқу сапасы оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан да ғылыми жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.
2. Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы).
3. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық орталық) қызметінің тәртібі. ҚР БҒМ заңымен бекітілген (18 қыркүйек, 2013 жыл).
4. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
5. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.