Дәріс №2 Тақырыбы «Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы»



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі63,94 Kb.
#81695
1   2   3
Байланысты:
Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы

Магниттік квант саны  (ml)
Магнит квант (quantum лат.сөзі – зат мөлшері, масса) саны (ml) электрон бұлттарының кеңістікте орналасу бағытын анықтайды, - l дан + l дейінгі барлық мәндерге ие. Деңгейшелер ұяшықтарға бөлінеді. 
Кесте– Деңгейшелердің ұяшықтарға бөлінуі

l

ml

Ұяшық саны

Электрондар дың максимальды саны

s
p
d
f

0
+1, 0, -1
+2, +1, 0, -1, -2
+3, +2, +1, 0, -1, -2, -3



2
6
10
14

Cпин квант саны (ms)
Cпин (spin англ. – айналу) квант саны (ms) электронның өз осінен қай бағытта айналатынын көрсетеді, ол сағат тілімен немесе оған кері бағытта қозғалады. Әрбір ұяшықта екі электроннан орналасады. Спин квант санының 
екі мәні бар: , әрбір орбитальға қарсы спинді екі электрон сәйкес (спин-электрон айналуы).
6. Паули принципі:Бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес, яғни атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей бола алмайды
Хунд ережесі:Барлық атомдық орбитальдар (АО) алдымен мүмкіндігінше бір электронмен сосын, екіншісі жүйенің спині максимальды болуы үшін толтырылады. Демек, берілген орбитальдағы электрондардың спин сандарының қосындысы максималь болуы шарт.
Клечковскийдің 1 ережесі: Атомдық орбиталдар (АО) электрон толтырылуы бас және қосымша квант сандары қосындысының өсу ретімен толтырылады. (n+ l).

Мысалы. 2 деңгейшені алып қарастырайық: 4 d, 5s.


Сұрақ. Электрон 4p деңгейшеден кейін қай деңгейшеде толтырылады: 4d, немесе 5s?

4 p толтырылған 4 p толтырылған


4d 5 s

n + l = 4 + 2 = 6 n + l = 5 + 0 = 5

4p кейін 5s толтырылады, 4d толтырылмайды, n+ l L қосындысы азы толтырылады. Жоғарыда көрсетілген заңдылықтар бойынша, алдымен энергия шамасы аз және бас квант саны , қосымша квант саны қосындысы аз деңгейше толтырылады.


Клечковскийдің II ережесі: Егер n+ l қосындысы тең болса, электрон n мәні аз орбитальға толтырылады.
Мысалы: 4s кейін электрон қай деңгейшеге толтырылады: 3d немесе 4p?
3d 4p
n+ l = 3 + 2 = 5 n+ l = 4 + 1 = 5
n+ l қосындысы тең, электрон толтырылуы 4p емес 3d, себебі 3d-де n мәні аз.
Ең аз энергия ережесі
Орбиталь электронмен толтырылған кезде, алдымен энергиясы аз орбиталь толтырылады. Минималь энергиясы бар орбиталь бұл 1s, орбиталі. Сутек атомында ол жалғыз электронмен толған.
Энергетикалық деңгейшелердің қатары:

1s < 2 s < 2p < 3 s < 3 p < 4 s ≈ 3d < 4p < 5s ≈ 4d < 5p < 6s ≈ 5d < 4f < 6p <7s ≈ 6d ≈ 5f < 7p...




Берілген қатар бойынша алдымен 1s, одан соң 2s деңгей т.с.с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет