Дәріс №2 Тақырыбы «Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы»



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі63,94 Kb.
#81695
  1   2   3
Байланысты:
Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы


ДӘРІС № 2
Тақырыбы «Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы»

Атомның өзі де күрделі бөлшек екенін, ал ядро мен электрондардан тұратынын білдік. Енді осы электрондар ядроның төңірегінде қандай заңдылықтармен орналасатынына тоқталайық.


Атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады дедік. Алайда, осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмайды, олар ездерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады, осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды
Әр деңгейде бірнеше деңгейше бар. Деңгейшелер өз кезегінде орбитальдардан тұрады Мысалы, бірінші квант қабатындағы (n= 1) бір деңгейшеде 1s орбиталь, ал екінші қабаттағы екі деңгейшеде екі түрлі орбиталь 2s, 2р, үшіншідегі үш деңгейшеде үш түрлі орбиталь 3s, 3р, 3d бар.
s-орбитальдардың пішіні сфера тәрізді, ал p-орбитальдардың пішіні гантель немесе көлемді сегіздік, d-орбитальдардікі одан да күрделі болып келеді. Әр деңгейшеде бір ғана s-орбиталь, х, у, z осьтері бойынша бағытталған пішіні бірдей үш p-орбиталь бола алады. Олардағы электрондарды да s-электрон, р-электрон деп бөледі.
Атомдардағы электрондарды Паули принципі, Гунд ережесіне сай энергетикалық деңгейлерге, олардың деңгейшелеріндегі s-, р-, d- орбитальдарға таратып, электрондық формулалармен белгілеп немесе квант ұяшықтарына орналастырып көрсетеді. Мысалы, реттік нөмірлері 3 литий және 6 көміртек атомдарының электрондық конфигурациясын формула түрінде бейнелейік:

3Li 1s2 2s1


6С 1s2 2s2 2p2
Екеуі де екінші периодтың элементі, өйткені соңғы электроны екінші деңгейде түр. Алғашқы литий s-элементке, келесі көміртек р-элементке жататыны ең соңғы электроны орын алған орбитальдардан көрінеді. Егер соңғы электрон d- немесе f- орбитальдарына орналасса, ол элемент соған сәйкес d- (мысалы, темір, күміс, алтын, т.б.) немесе f- элементтер (лантаноидтар, актиноидтар) деп аталады.

Көп электронды атомдағы әрбір электронды толық сипаттау үшін төрт түрлі квант сандарын қолданады. Олар: бас квант саны, орбиталь квант саны, магниттік квант саны, спин квант саны.
Бас квант саны (n)
Бас квант саны (n) ядроның электромагниттік өрісінде айналатын электрондардың энергетикалық деңгейін анықтайды. Бас квант саны (n) мәні Менделеев таблицасындағы период санымен сәйкес келеді, электронның орналасу радиусын көрсетеді, n мәне 1-ден 7,0 дейінгі бүтін сандармен көрсетіледі. Электронның энергиясы оның ядродан қашықтығына байланысты болады. Сондықтан электрон ядроға жақын жатса энергиясы да көбейе береді. Сол себепті бас квант санының мәні өскен сайын оның энергиясы артады. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың ең көп саны деңгей нөмірінің екі еселенген квадратына тең шама, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет