Дәріс 3 Атом құрылысы Дәрістің мақсаты



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі29,77 Kb.
#79685
1   2   3
Байланысты:
3 лекция

Басты квант саны (n) электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің номерін көрсетеді. Басты квант саны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 мәндеріне ие бола алады. Электрон орналасқан орбита ядродан алшақтаған сайын басты квант санының мәні өседі. Мысалы n  1 болса, электрон ядроға ең жақын энергетикалық деңгейде, ал n  7 болса, электрон ядродан ең алшақ энергетикалық деңгейде болады. Басты квант санының мәні өскен сайын, яғни электрон ядродан алшақтаған сайын, электронның энергия қоры арта түседі, атомдық орбитальдардың көлемі ұлғая түседі, сондықтан электрондар атомды оңай тастап кете алады. Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондарды валенттік электрондар деп атайды. Валенттік электрондар - химиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар. Валенттік электрондардың саны элемент орналасқан топ номеріне тең болады. Энергетикалық деңгейді толтыру үшін қажет электрондардың саны мына формуламен анықталады:
N  2n2
Осындағы n – басты квант сан.
Атомның электрондармен толтырылатын энергетикалық деңгейлерінің саны элемент орналасқан периодтың номеріне тең:



Период номері

Энергетикалық
деңгей саны

Энергетикалық деңгейді толтыруға кажетті электрондар саны (N  2n2)

1

1

2

2

2

8

3

3

18

4

4

32

5

5

50

6

6

72

7

7

98





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет