Дәріс №3 картографиялық БҰрмаланулар

Бұрыштың бұрмалануын бір ендіктің бойындағы екі түрлі бойлықта орналасқан меридиандар мен параллельдердің қиылысындағы бұрыштарды салыстыру арқылы анықтайды

бет2/4
Дата29.08.2023
өлшемі237,43 Kb.
#179991
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 3

Бұрыштың бұрмалануын бір ендіктің бойындағы екі түрлі бойлықта орналасқан меридиандар мен параллельдердің қиылысындағы бұрыштарды салыстыру арқылы анықтайды.

Пішіннің бұрмалануын картада кескінделген телімнің немесе аумақты алып жатқан нысанның пішіндерінің Жердің деңгейлік бетіндегі пішінінен айырмашылығының болуы арқылы анықталады. Бұрмаланудың бұл түрінің болуын көршілес жатқан екі параллель мен əртүрлі бойлықта қиып өтетін меридиандардың градус торларын бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды.

Суретте көрсетілгендей, көршілес жатқан 0⁰ пен 10⁰ параллельдерді əр түрлі бойлықтарда қиып өтетін көршілес меридиандардың торларын шрихпен сызады. Егер шрихталған картографиялық тор бірдей болса пішіннің бұрмалануы жоқ, егер бір-бірінен айырмасы болса бар деп есептеледі.

Картографиялық бұрмаланудың төртінші түрі ауданның бұрмалануы картаның əр түрлі бөліктеріндегі ауданның масштабының өзгеруіне байланысты туындайды. Картаның барлық бөлігінде ауданның масштабы тең болғанда ауданның бұрмалануы болмайды.

Ауданның бұрмалануын анықтаудың ең қарапайым əдісіне көршілес жатқан параллельдері əр түрлі бойлықтарда қиып өтетін меридтиандар түзетін картографиялық торды бір-бірімен салыстыру. Географиялық картаның əр түрлі бөлігінде ауданның масштабы бірдей болғанда, ауданның бұрмалануы болмайды

Картографиялық бұрмаланудың көрсеткіштері.

Картаның бұрмалануына талдау жасау картографиялық бұрмаланудың қандай да бір түрінің болу болмауын анықтаумен қатар олардың өлшемдерін де есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Ондай есептерді бұрмалану көрсеткіштерін есептеу арқылы шығарады. Картаның көрсетілген бөлігіндегі белгілі бір бағыттың бойында ұзындықтың жеке басштабының бас масштабтан айырмашылығы үлкен болған сайын бұрмалану да артады. Сондықтан картадағы ұзындықтың бұрмалануы көрсеткіші ретінде жеке масштаб пен бас масштабтың қатынасы алынады. Ұзындықтың бұрмалануы көрсеткіші гректің μ əрпімен белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет