Дәріс №3. Компьютерлік жүйелерге кіріспе.
Мақсаты: Компьютердің аппараттарын талқылау және студент білімін толықтыру.
Жоспары:
1.Компьютерлік жүйелерге шолу.
2.Компьютерлік жүйелердің эволюциясы.
Бүгінде бүкіл әлемде адамдар бір-бірімен компьютер көмегімен байланысады. Әр отбасында жоғары технологиялық машиналар бар, компьютерсіз бірде-бір кәсіпорын жұмыс істемейді. бірақ кез келген қолданушы компьютер тілінде сөйлесе алмайды және оған адамның тілін түсіндіре алмайды. Компьютерлік жүйелердің маманы болу үшін уақыттан бір қадам алда болу керек. Өйткені әлемде ең жылдам даму тек компьютерлік технологияларға тән, сондықтан: «компьютер сатылымға түскен кезден ақ ескірді» – деп айтылу тегін емес.
Компьютер деректерді ақпаратқа қалай түрлендіретінін түсіну үшін компьютер жүйелерінің түрлі компоненттері мен компьютерлердің қалай жұмыс істейтінін білу қажет. Компьютер өзінің әр түрлі мөлшеріне қарамастан, деректерді ұсыну және өңдеу кезінде бірдей базалық қағидаларды қолданады.
Компьютерлік жүйенің компоненттері (сөздің кең мағынасында) – құрылғылар, операциялық жүйе, қолданбалы бағдарламалық қамта- масыздандыру, олардың қолданушылары – адамдар және желідегі басқа компьютерлер.
Қазіргі заманғы компьютерлік жүйе орталық процессордан, ішкі және тұрақты сақтау құрылғыларынан (жады), енгізу, шығару және байланыс құрылғыларынан тұрады.
Қазіргі компьютерлердің алты негізгі компоненттерін атауға болады. Орталық процессор деректерді өңдейді және компьютердегі басқа құрылғыларды басқарады; бірінші реттегі жады қазіргі уақытта іске қосылған бағдарламалар мен өңделетін деректерді сақтайды; екінші реттегі жады кейінгі қолдануға арналған бағдарламалар мен деректерді сақтайды; енгізу құрылғылары деректер мен нұсқауларды компьютерде өңдеуге ыңғайлы пішінге түрлендіреді; шығару құрыл- ғылары компьютердің өңдеген ақпаратын адамның қабылдауына ыңғайлы пішінде бейнелейді; коммуникациялық құрылғылар жергі- лікті және ғаламдық желілердегі деректерді қабылдауды және беруді басқарады.
Компьютерлік жүйелерде екілік санақ жүйесі қолданылады, яғни компьютердегі барлық сандар нөлдер мен бірліктердің көмегімен көрсетіледі, сондықтан компьютер тек цифрлы формадағы ақпаратты өңдей алады. Сандық, мәтіндік, графикалық ақпаратты сандық түрге түрлендіру үшін, кодтауды қолдануымыз қажет. Кодтау – бұл бір типті басқа типтегі деректер арқылы түрлендіру. Компьютерлік жүйелерде екілік кодтау жүйесі қолданылады, ол екілік сандар (binary digit қысқартылған түрде bit) деп аталатын 1 және 0 таңбалар тізбегімен берілген деректердің көрсетілуіне негізделген.
Сонымен, компьютердегі ақпарат бірлігі – бір бит деп ата- лады, яғни екілік разряд (бір бит) 0 немесе 1 мәнін қабылдай алады. Тізбектелген сегіз бит байтты құрады. бір байтта бір таңбаның мәнін 256 мүмкіндікпен кодтауға болады (256 = 28). ақпараттың үлкен өлшемі – килобайт (кбайт), ол 1024 байтқа тең (1024 = 210). Одан да үлкен деректер бірліктері: магабайт, гигабайт, терабайт (1 мбайт – 1024 кбайт; 1 гбайт = 1024 мбайт; 1 тбайт = 1025 гбайт) қолданылады.
1-сурет. Alice есімі екілік сандардың жиынтығы ретінде ұсынылған
Ондық жүйедегі әрбір сан екілік санмен немесе керісінше бейнеленуі мүмкін. бұл түрлендіру қалай жүзеге асырылғанын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |