Ақаусыз өндіріс. Жапонияда сапаны басқару фирмадағы барлық жұмыскерлер мен бөлімше қызметкерлерінің міндеті - өнім сапасын жан-жақты басқарудың түп негізі осында. Жапондық тәсілде саны бақаруға жаппай қатысу көзделген.
Өнім сапасын жақсарту жөніндегі жұмстарды ұйымдастыруда жапондық тәжірибенің ең басты белгілері қандай?
Осы сала бойынша теорияда жинақталған және практикада жүзеге асырылған озат тәжірибе нгізінде сапа проблемасын көп жылдар бойы жүйелі түрде, мақсатқа сай шешу.
Барлығына: ұлттық заң шығарушылардан дейінгі мәселелерге қатысуға тырысу.
Тіптен мүлтіксіз жұмыс істейтін сапаны басқару жөніндегі жүйенің өзі уақыт өте келе өзінің тиімділігін жоғалтуы мүмкін екендігін есте ұстау.
Тікелей мастерлер мен бригадирлер арқылы жоғары сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Жұмысшылардың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін жұмысдыруға айрықша көңіл бөледі. Жапонияда кең етек алған форманың бірі – сапа үйірмесі деп аталды. Олардың жұмысының мақсаты мен мазмұны - өндірістегі нақты участкенің жағдайына топтық талдау жасау, әрі сапаны жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Экономикалық өсуінің біркелкі қарқынын қамтамасыз ету үшін жоғары сапаның мәнін насихаттайтын жан-жақты дамытылған және тұрақты жұмыс істейтін жүйе.
Сыртқы рынокқа сатуға арналған өнімдерді міндетті түрде мемлекеттік сертификациялау.