Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады:
1.Түсіндірме бөлімі. Онда математиканы оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері айтылған.
2.Білім мазмұнының сынып арқылы бөлінуі.
3.Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар 2 деңгейде барлық оқушыларға міндетті және мүмкін деңгей.
2.Шағын жинақты бастауыш мектептематематиканы оқыту құралдарына сипаттаманы қарастырайық:
Оқулық – ең негізгі оқу құралы. 1-4 сыныптарға арналған математика оқулықтарының әрқайсысында дамыта оқыту және білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру техналогиясы басқа да әдіс-тәсілдер үйлесімін табатындай ара-қатынаста қолдану арқылы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға бағыттайды және оның бағдарлануына міндеттейді. Сонда дамыта оқыту техналогиясы жетектеуші; ал дәстүрлі оқытудың және білімнің дидактикалық бірлігін ірілендірудің технологиялары бағындырылған және жетектелуші ретінде пәнді оқыту процесінде көрініс табуы тиіс.
Оқыту әдістемесі.
Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған.
1-сынып мұғаліміне арналған көмекші құрал бастауыш мектепте математиканы оқып-үйренуге арналған оқу-әдістемелік топтаманың құрамды бөлігі болып табылады және оны құрайтын құралдарды үйлесімді пайдалануда жүзеге асыру тұрғысынан нақты көмек көрсетуді көздейді.
Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған.
Мұғалімге арналған бұл көмекші құрал бастауыш мектептің екінші сыныбында математиканы оқып үйретуге арналған оқу әдістемелік топтамасының құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан мұнда екінші сыныпта оқытылатын математиканың білім мазмұны және оны оқытып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар қарастырылады. Мұның бәрі «Математика-2» оқулығына қосымша көмекші құралдарды үйлесімді пайдалану жолдарын анықтайды.
Жалпы білім беретін мектептің 3- сынып мұғалімдеріне арналған.
Мұғалімдерге арналған бұл көмекші құрал 3-сынып математикасын оқытып – үйретуге арналған оқу әдістемелік топтамасының құрамды бөлігі болып табылады және топтамаға енетін басқа құралдарды да үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан нақты көмек көрсетуді көздейді.
Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған.
Мұғалімдерге арналған бұл көмекші құрал бастауыш буында төрт жыл бойы оқытылып үйретілетін математикалық бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының мазмұнына сай дайындықты жүзеге асыратын, оны қорытындылап, жинақтайтын және дамыта түсетін 4-сынып математика курсы бойынша дайындалған оқу әдістемелік топтаманың құрамды бөлігі болып табылады.
3.Бастауыш мектепте оқушылардың біліміне іскерлік және дағдысын тексеру – бұл білімді қайталаудың, тереңдетудің, жүйелеудің құралы болып табылады. Математика сабақтарында оқушылардың білімін, білік, дағдысын тексеру 3 түрге бөлінеді:
1. Алдын – ала тексеру
2. Күнделікті тексеру
3. Қорытынды тексеру
Достарыңызбен бөлісу: |