Дәріс 3 Тақырыбы: Оқу пәні ретіндегі математиканың мазмұндық-процессуалдық сипаттамасы



бет1/3
Дата13.11.2023
өлшемі19,74 Kb.
#191342
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 3


Дәріс 3 Тақырыбы: Оқу пәні ретіндегі математиканың мазмұндық-процессуалдық сипаттамасы.
Жоспар
1.Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны. Математиканы оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне (пәндік, коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу) қойылатын талаптар.
2.Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Математикадан оқу-әдістемелік топтама және оның құрамына енетін әр құралдың мәні, кызметі, ерекшеліктері.
3.Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалаудың, тексеру мен бақылаудың түрлері.
1. Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында көзделген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы төмендегінше анықталады:
1.Құндылықты бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны - Қазақстанның патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік жалпы адамзаттық мәдениет жетістері негізіндегі іс әрекет тәжірбиесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мүмкіндік беретін мәдени демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3.Оқу-танымдық құзыреттілік-оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуде, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әркетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4.Коммуникативті құзыркттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білгін мемлеттілік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5.Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік- бағдарлай білу , өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен ткхникалық обьектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялық білігі.
6.Әлеуметтік-еңбекқұзыреттілігі отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық- қоғамдық тәжірбие мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік- қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпалды ете білуді қарастырады.
7.Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірбиесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді,түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.

2. Бастауыш сыныптарға арналған математикадан оқу әдістемелік топтама түрлері төмендегіше:


1.Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты;
2. Бағдарлама;
3. Оқулық;
4. Дәптер N1,N2;
5. Математиканы оқыту әдістемесі, 1-4 класс;
6Математикадан дидактикалық материалдар, 1-4 класс;
7.Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар, 1-2 класс;
8. Көрнекі көрсету кестесі, 1-класс. Көрнекі көрсету кестелеріне әдістемелік нұсқау; үлестірмелі дидактикалық материалдар;
9. Көру-есту техникалық құралдарына арналған материалдар;
10. Ата-аналарға арналған түсіндірме.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет