Егістікті күтіп-баптау. Тұқым себілгеннен кейін 4-5 күн өткесін танапты орташа салмақтағы тісті тырмамен тырмалайды. Өсімдіктің 4-5 жапырағы пайда болғасын және 8-10 см биіктігінде жеңіл тырмамен баяу жылдамдықта көлденең тырмалайды. Бұл жұмысты түс кезінде өсімдіктің тургоры аз кезінде жүргізу керек.
Ас бұршақтың зиянкестеріне қарсы (бізтұмсық, бүргелерге, биттерге т.б.) ровикурт, каратэ, децис, карбофос және т.б. препаратарды қолданады.
Егістікті жинау. Асбұршақты негізінен бөлектеп жинайды. Өсімдікте 70-75% бұршаққабы қоңырланып піскесін жаткамен (ЖБА-4,2 т.б.) дестеге салады. Бұршағының ылғалы 15-18% болғанда дестені комбаинмен бастырады. Комбайнның барабан айналымын минутына 600-800 дейін төмендетіп дәннің зақымдануына жол берілмейді.
Май бұршақ. Май бұршақ біржылдық бұршақ тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдік (47-сурет). Оны адамзат ерте заманнан әр салада пайдаланған. Майбұршақтың отаны Оңтүстік-Шығыс Азия болып есептеледі. Осындағы елдерде оны біздің заманымыздан 6 мың жыл бұрын өсіріп пайдаланған. Россияға май бұршақ Қытайдан Қиыр Шығыс арқылы әкелінген. Қазақстанға май бұршақ өткен ғасырдың бірінші жартысында Россиядан әкелініп зерттеле бастаған. Қазіргі кезде оның өзімізде шығарылған сорттары мен будандары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |