Дәріс №4 Ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны



бет3/6
Дата12.12.2021
өлшемі1,22 Mb.
#99620
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4

1-сурет. Май бұршақ

Қазақстанда қазіргі уақытта май бұршақ 15-30 мың гектар жерге өсіріледі. Келешекте оның көлемін 100-300 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. Май бұршақ республиканың Оңтүстік-Шығыс аймақтарында суармалы жерлерде өсіріледі.

Май бұршақпен барлық малдарды, құстарды азықтандырады. Мал азығына оның ұнын, күнжарасын, белоктың құрамасын, сүтін, көк балаусасын, пішенін, пішендемесін, сүрлемін және шөп ұнтағын пайдаланады.

Оның дәнінде 35-45% белок, 17-25% май және20% жоғары көмірсуы кездеседі. 100 кг дәнінде 130 азықтық өлшем және 29 кг қорытылатын протеин бар. Күнжара құрамында 40% белок, 1,4% май және 30% шамасында азотсыз экстрактивті заттар болады. Көк балаусасының 100 кг-да 20-22 азықтық өлшем және 3,5 кг белок болады. Май бұршақтан дайындалған мал азығының сіңімділігі 60-90%, ал протеинінікі-70-93%. Май бұршақты мал азығы рационына қосқанда оны белок пен амин қышқылдарымен сәйкестендіріп қана қоймайды, сонымен бірге басқа мал азықтарының да қоректілігін арттырады. Май бұршақтың белогі жеңіл қорытылады және биологиялық сапасы жағынан еттің, сүттің және жұмыртқаның белогіне жақын.

Май бұршақтың дәнінде каротин, В1, В2, С, РР, Е витаминдері пантеондық қышқылдары, холин кездеседі. Және оның құрамында ұйытатын К витамині болатыны анықталды. Дәнін ұн қылып малға бергенде ондағы лизиннің мөлшері құрғақ ашытқыдан кем түспейді де, сүт ұнтағынан асып түседі.

Май бұршақтың көк балаусасын таза күйінде не болмаса астық тұқымдас шөптермен қосып малға береді. Және де одан белокты- витаминді шөп ұнтағын дайындайды. Май бұршақтың пішеніндегі белоктың, фосфордың, кальцийдің, каротиннің мөлшері, беде, эспарцет және астық тұқымдастарының пішенінен кем түспейді.

Май бұршақтың сүрлемін барлық малдың түрі сүйсініп жейді. Оның 100 кг 20,2 азықтық өлшем және 3,5 кг қорытылатын протеин бар. Оны таза күйінде, немесе жүгерімен, қонақ жүгерімен, судан шөбімен қосып сүрлемге салады. Май бұршақты осылай сүрлемге салу тиімді екенін көрсетті (Хасенов Е.Х., 1973). Осындай қоспалардың 100 кг көк балаусасында 21 азықтық өлшем, 100 кг пішенінде-51 азықтық өлшем болады.

Майбұршақтың сабанын жемшөп ретінде толық пайдалануға болады, өйткені оның құрамында 3,9-4,8% белок, 1,5-2,9% май, 34,5-38,9 клетчатка, 35,7-37,3% азотсыз экстрактивті заттар, 4,8-6,02% күл бар (В.П.Черноголовин, 1974).

Май бұршақ дәнінен май алынғаннан кейінгі қалдық-май бұршақ күнжарасын малды семіртіп бордақылауға пайдаланады.

Май бұршақтан дайындалған жемшөптер малға және құсқа өте жұғымды, өйткені бір азықтық өлшемдегі протеин мөлшері көп.

Май бұршақтың агротехникалық маңызы зор. Бұл дақыл бұршақ тұқымдас өсімдік болғандықтан тамырындағы түйнек бактериялары арқылы атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақ құнарлылығын арттырады. Сондықтан, май бұршақ басқа дақылдарға (қант қызылшасы, дәнді дақылдар, күріш және басқа дақылдар) жақсы алғы дақыл. Және де оны жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.

Қазіргі кезде республикамыздың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарында, әсіресе суармалы жерлер жағдайында май бұршақ егіп, өсіріп мол өнім алуға және өсімдік белоктарын көбейту проблемасын шешуге толық мүмкіндік бар.

Май бұршақтың әр гектардан дәнінің өнімі 20-40 ц шамасында, көк балаусасының өнімі 200-300 ц аралығында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет