Сурет-3. Газотурбиналық қондырғының жоғары температуралы циклы.
1 – қазандық; 2 – бутурбинасы; 3 – генератор.
Сурет-4. Бутурбиналық қондырғының жоғары температуралы циклы.
Кесте-9. Қарапайым ауа салқындатқыш роторы және БТҚ-ы бар ГТҚ-ның үнемділігі.
Газдардың бастапқы температурасы,°С
|
1200
|
1300
|
1400
|
1500
|
Сығылу дәрежесі, МПа
|
13
|
15
|
17
|
20/25
|
ГТҚ-ның ПӘК-і, %
|
33
|
35
|
37
|
38,5/40
|
БТҚ-ның ПӘК-і, %
|
50
|
52
|
55
|
58/60
|
Ескірген құрылғыны монтаждайтын ұяшыққа жаңа қазандық орнату кезіндегі ЖЭО-ты қайта потенциалдау және техникалық қайта құру жағдайына сәйкес сапасы нашар көмірге арналған қатты отынды жағудың төмендегідей әдісі ұсынылады (5 – сурет).
1 – газ турбинасы; 2 – генератор; 3 – қазандық – утилизатор; 4 – бутурбинасы; 5 – генератор.
Сурет-5. Құрама цикл кезінде энергияның сатылы қолданысы
Көмір өнеркәсібінің негігі шығындары жер қыртсынан көмірдің жеткіліксіз мөлшерде алынуына, оның тасу кезінде болуына байланысты. 2000 жылы «Испан – Кармет» шахтасындағы көмірдіөндіріп алу процесі кезінде 355 млн.м³ метан бөлінген, оның 41 млн.м³ мөлшері дегазацияланып, ал қалғаны атмосфераға шығарылған. Сондай-ақ 41 млн.м³ метаннан тек 12,5 млн.м³ мөлшері ғана утилизацияланған.
Көмір өнеркәсібінде энергияны үнемдеу үшін мыналар қажет:
пленкалы жабын;
брекитирлау технологиясы;
метан – ауа қоспасын утилизациялауға арналған қондырғы;
құрамында көмірі бар қалпақты түріндегі көмірді алуға арналған байытылған қондырғы;
жер асты газофикациялау орнында көмірді газофикациялау өнімін алу;
ЖЭО-да су-көмірлі суспензияны қолдану (оны құбырөткізгіш арқылы жіберу темір жолымен тасымалдау шығынын 3-4 есеге және электрэнергияны өндіру бағасын 30-40%-ға төмендетеді).
жер қыртысының төзімділігін 30-40%ға төмендететін беттік-белсенді затпен өңдеу көмір алудағы шығынды төмендетуді қамтамасыз етеді.
Көмідің шығатын орны – кешенді бағалы ресурстар мыналар: метан, көмір құрамындағы металл, шахталық сулар, жер асты кеңістгі, толықтай қолдануға қажетті жер қойнауындағы жылу.
Мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін салалардағы энергоресурстардың шығындалуы мыналарға байланысты:
жер қыртысынан мұнайды алудағы жоғары коэффициенттің болмауы;
жұмыс жасап тұрған ұңғыманы төмен дәрежеде қолдану;:
мұнай өңдеудің технологиялық процесіндегі тиімділігінің аздығы және ЕЭР-дің жеткіліксіз қолданысы.
Мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін салалардағы энергетикалық тиімділікті арттыру үшін мыналар қажет:
мұнай қыртысына әр түрлі химиялық реагенттердің жоғары қысымдағы булардың, ыстық судың, сығылған газдың әсерін жетілдіру әдісі;
диафрагмалы энергосорапты жәнеұзын жолы терең сорапты қондырғылары жүктелінген мұнай алушы құрылғыны меңгеру;
газлифтты ұңғыманы автоматтандыру.
Энергия үнемдеу бағыттарының бірі мұнайды және жоғары күкіртті мазутты өңдеу.
Қазақстанда төмендегі себептерге байланысты газдың алғашқы энергетикалық потенциалы төмен деңгейде қолданылады:
шығарылатын орынның құрылмы (көбі ұсақ категорияға жатады);
газ өңдейтін зауыттардың қуатының жеткіліксіздігі;
жолай газды өңдеудегі сала аралық стратегияның болмауы;
экологиялық және ресурсты сақтау талаптарының әлсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |