Дәріс №6 Микроорганизмдерді культиверлеу Жоспары



бет2/7
Дата25.01.2022
өлшемі22,34 Kb.
#114583
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек6

Жинақтаушы культура көбінесе бір түрге жататын микроорганизм клеткаларынан тұрады. Элективті (жинақтаушы) жағдайлар – бір ғана культураның дамуына жағдай жасап, басқа микроорганизмдердің өсуін тежейтін жағдайлар. Жинақтаушы орталарды пайдаланып жинақтаушы жағдайды қалыптастыруға болады. Мысалы элективті жағдайларға:жоғары температура, қышқылдың жоғарлануы, тұздың концентрациясының жоғарлануы т.б. жатады.

Әдетте таза культураны сақтау тығыз қоректік ортада, пробиркаларда жүргізіледі. Мұндай кезде жаңа қоректік ортаға жиі көшіріп отыру керек.
Таза дақылдарды сақтаудың басқа тәсiлдерiне: оларды жинақтаушы ортада,вазелин майының қабатының астында және лиофилизацияланған күйде сақтау жатады( тоңазытылған микроорганизм клеткаларын вакууммен кептіру).


Өнеркәсіптік микрорганизмдердің таза дақылдарын алу

Тамақ өнеркәсiбiнде өндiрiс үшiн бағалы қасиетке ие: ашытқыларды, сiрке қышқылды және пропионқышқылы бактериялардың таза культураларын қолданады. Соңғы кезде, екі немесе одан көп микрорганизмдердің түрлерінен тұратын көп компонентті таза культуралар қолданыс тапқан.
Ғылыми зертханаларда өнеркәсіптік микрорганизмдердің таза дақылдарын алу жұмыстары жүзеге асырылады. Мұнда оларды әр түрлi субстраттардан бөліп алып, зерттейдi, және өндiрiс үшiн ең өнiмдi, жарамды, таза дақылдарды мұражайдың топтамасында сақтайды. Микробиологиялық зауыт зертханада өндiрiстiк цикл үшiн культуралар дайындалады, оның биологиялық тазалығы, белсендiлiгі тексерiледі.


Микроорганизмдердің культиверлеу тәсілдері культиверлеудің түпкі мақсатына байланысты (мақсаты ретінде биомасса жинау немесе белгілі бір тіршілік әрекеті өнімін - метаболитті өндіру болып табылады).
Микроорганизмдердің культиверлеу тәсілдерінің келесі түрлерін ажыратады:
Беттік культиверлеу
Түптік культиверлеу
Мерзімді культиверлеу.
Үздіксіз культиверлеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет