Дәріс №6 Микроорганизмдерді культиверлеу Жоспары



бет6/7
Дата25.01.2022
өлшемі22,34 Kb.
#114583
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек6

Үздіксіз культиверлеу кезінде культура арнайы аппаратта орналасады, ол жерге үздіксіз қоректік орта келіп түседі және сол жерден сондай жылдамдықпен культуралдық сұйықтық сыртқа шығарылып отырады. Микроорганизм үшін өзгермейтін орта жағдайлары жасалады, сондықтан үздіксіз жүйені ашық жүйе ретінде қарастыруға болады.

Статикалық және үздіксіз культуралардың өсу заңдылықтары

Культиверлеудің мерзімді әдісі кезінде микроорганизмдер популяциясы өсудің 7 сатысынан (фазаларынан) өтеді:
1. Лагфаза
2. Өсудің үдеу фазасы.
3. Экспоненциалды (логарифмді) өсу фазасы.
4. Өсудің бәсеңдеу фазасы.
5. Стационарлық фаза.
6. Өлудің үдеу фазасы.
7. Өлу фазасы.


  1. Лагфаза. Бұл мерзімде культура жаңа қоректік ортаға бейімделеді. Ферментті жүйелер жандандырылады, нуклеин қышқылдарының мөлшері өседі, жасуша ақуыз бен басқа байланыстарды интенсивті синтездеуге дайындалады. Жасушалар көбеймейді (көбею жылдамдығы нөлге тең). Тірі жасушалар концентрациясы тұрақты. Бұл фазаның ұзақтылығы микроорганизм физиологиясына және қоректік орта құрамына байланысты.

Үздіксіз культиверлеу кезінде культура белгілі бір өсу фазасында тұрақталады.
Егер культиверлеудің мақсаты продуценттің биомассасын алу болса, процессті логарифмдік фазасы тәртібінде өткізген жөн. Бұл кезде микроорганизм популяция өсуінің максималды жылдамдығын қамтамасыз ете алады.
Культураны логарифмдік фазада сақтау үшін микробты популяцияны культиверлеу хемостат немесе турбиостатта жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет