Хемостаттағы өсу. Хемостат қоректік ерітінді тұрақты жылдамдықпен енгізілетін түтікшесі бар аппарат. Қоректікерітіндінің түсуіне байланысты одан сол жылдамдықпен микроорганизмдер суспензиясы ағып шығады. Культиверлеудің хемостат жағдайларында белгілі бір компоненттің тұрақты концентрациясы сақталады (мысалы: көміртек). Соның арқасында хемостат жағдайларында культураның тұрақты өсу жылдамдығы сақталады. Микроорганизмдер культурасы тепе-теңдікте болады.
Турбидостатта өсу. Турбидостаттың негізгі мақсаты тірі клеткалар концентрациясын тұрақты сақтап тұру. Қоректік заттар артық мөлшерде болады, ал бактериялар өсуі максимумға жақындайды.
Егер культивирлеудің мақсаты метаболит алу болса (мысалы: этил спирті) екі не бірнеше тоқтамай жұмыс істейтін аппараттарда біріннен соң бірі өсірілу жүргізіледі және өсу процесін бірнеше стадияға бөлуге мүмкіндік береді.
Оқытудың техникалық құралдары: проектор, кестелер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: түсіндірме, пікір талас.
Тасырмалар:
1-деңгей сұрақтары
Микроорганизмдерді культивирлеудің қандай тәсілдерін білесіз?
Түптік және беттік культивирлеу бір бірінен қалай ерекшеленеді?
2-деңгей сұрақтары
Микроорганизмдердің таза культурасы дегеніміз не?
Таза культураны қалай алады және сақтайды?
3-деңгей сұрақтары
Жинақтаушы культураға сипаттама беріңіз
Жинақтаушы культураны қалай алуға болады?
ОБӨЖ тапсырмалары:
Периодты және үзіліссіз культивирлеу әдістерінің бір-бірінен айырмашылықтары.
БӨЖ тапсырмалары:
Жинақтаушы және таза дақылдарды алу әдістері.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Өндірістік биотехнологиядағы теориялық негіздер.Оқулық.2019 Кистаубаева А.С.
Микроорганизмдер биотехнологиясы. Қарағанды 2016. А.М.Есимова
Биологиялық препараттар өндірісінің технологиясы.Оқулық. 2014 Есімова А.М.,Кедельбаев Б.Ш.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы Түркістан 2020ж., Ғ.И.Исаев, Н.Н.Салыбекова.
Қосымша әдебиеттер:
Биотехнологияға кіріспе : - Алматы: BOOKPRINT, 2013 Тиман, У.Дж., Палладино, М.А.Д.А. Ережепов http://rmebrk.kz/book/1156612
Биотехнология,Алмаганбетов К.Х Астана 2011
Сучкова Е.П Основы биотехнологии. Санкт-Петербург 2016
Основы биотехнологии : Учебное пособие. . - Караганда: КарГТУ, 2011. Газалиев, А.М., Андреева, А.П.http://rmebrk.kz/book/72076
WEB сайттар:
1. http// www.micobiosystema.ru
2.http// www.library.intra.ru-электрондық кітапханалық қор
Достарыңызбен бөлісу: |