Культиверлеудің мерзімді әдісі кезінде микроорганизмдер популяциясы өсудің 7 сатысынан (фазаларынан) өтеді:
1. Лагфаза
2. Өсудің үдеу фазасы.
3. Экспоненциалды (логарифмді) өсу фазасы.
4. Өсудің бәсеңдеу фазасы.
5. Стационарлық фаза.
6. Өлудің үдеу фазасы.
7. Өлу фазасы. Лагфаза. Бұл мерзімде культура жаңа қоректік ортаға бейімделеді. Ферментті жүйелер жандандырылады, нуклеин қышқылдарының мөлшері өседі, жасуша ақуыз бен басқа байланыстарды интенсивті синтездеуге дайындалады. Жасушалар көбеймейді (көбею жылдамдығы нөлге тең). Тірі жасушалар концентрациясы тұрақты. Бұл фазаның ұзақтылығы микроорганизм физиологиясына және қоректік орта құрамына байланысты.
Үздіксіз культиверлеу кезінде культура белгілі бір өсу фазасында тұрақталады.
Егер культиверлеудің мақсаты продуценттің биомассасын алу болса, процессті логарифмдік фазасы тәртібінде өткізген жөн. Бұл кезде микроорганизм популяция өсуінің максималды жылдамдығын қамтамасыз ете алады.
Культураны логарифмдік фазада сақтау үшін микробты популяцияны культиверлеу хемостат немесе турбиостатта жүргізіледі.