Дәріс №8. Қола ғасыры. Қола дәуіріндегі Қазақстандағы мәдениеттер Жоспар



бет9/13
Дата15.03.2022
өлшемі139,5 Kb.
#135623
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
daris 8 arheologiya

Соңғы қола мәдениет.
Қазақстанның барлық жерлеріндегі сияқты, Шығыс Қазақстанның соңғы қола кезеңі – бақташы тайпалардың көшпелі мал шаруашылығына көшкен уақыты.
Бұл кезеңнің ескерткіштеріне Трушниково селосындағы қоныс, Мало-Красноярка селосы іргесіндегі қоныс пен қорым, Зевакино қорымы жатады.
Трушниково қонысынан тікбұрышты жартылай жертөле үлгісіндегі екі үй зерттелді. Олардың қабырғалары жерге көмілген тіреулерден тұрды, бұл тіреулердің аралығы шарбақпен немесе ағашпен өріліп бекітілген. Үйлерден қыш ыдыстардың сынықтары, қоладан жасалған жебенің ұштары, жер ошақтың шұңқырлары, мыс рудасының қалдықтары табылды. Сол жерден табылған тас кетпендер, дәнуккіштер, тас тоқпақшалар, келілер, келсаптар бұл араны мекендеушілердің егін салғанын көрсетеді.
Мало-Красноярка қонысынан жапсарласа салынған екі тұрғын үй ашылды. Үй тікбұрышты, жартылай жертөле үлгісінде, аумағы 160 шаршы метрге жуық. Тұрғын үйдің ішінен қоладан жасалған шоттар, пышақтар, орақтар және біздер; тастан жасалған келісаптар, дәнуккіштер, келілер, қайрақ тастар, балшықтан жасалған қыш ыдыстардың сынықтары табылды.
Соңғы қола дәуірінде қонысты мекендеушілердің жерлеу ғұрпын Зевакино қорымын зерттегенде байқалды.
Жерлеу құрлыстары тақта тастармен, бөренелермен жабылған тас жәшіктер, цисталар, тікбұрышты жерден қазылған шұңқырлар түрінде болып келеді.
Көбіне адамдарды жеке жерлеген, сонымен қатар екі-үш өлік көмілген қабірлер де кездеседі. Жерленгендер қол-аяғы бүктетіліп, оң жақ, немесе сол жақ қырына жатқызылған. Қабірлерден өлген адамға қалдырғас ас /жылқының бас сүйегі, жіліктері, қойдың жауырыны, қабырғалары/ қоладан жасалған пышақтар, қанжарлар қыш ыдыстар, тас пен сүйектен істелген әшекейлік бұйымдар мен тұрмыстық заттар кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет