Дәріс №8. Қола ғасыры. Қола дәуіріндегі Қазақстандағы мәдениеттер Жоспар



бет7/13
Дата15.03.2022
өлшемі139,5 Kb.
#135623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
daris 8 arheologiya

Соңғы қола мәдениет.
Солтүстік және Батыс Қазақстанның соңғы қола дәуіріндегі тайпалардың мәдениетінде екі кезең болды. Бірінші кезеңде, б.э. дейінгі І-мыңжылдықтың басында, батыстағы тайпалар Еділ бойының, солтүстіктегі тайпалар – Жайық өңірінің соңғы қима мәдениетінің ықпалына түсті. Геометриялық фигуралармен қиюласатын ойық өрнегі бар, Жайық өңіріне тән ыдыс Есіл бойындағы Явленко-1, Карьерное, Бескөл-5 қоныстарында пайда болды. Бұл ықпал аталған қоныстарындағы тұрғын үйлердің және еңбек құралдарының кейбір түрлерінен көрінеді.
Соңғы қола тайпаларының дамуындағы екінші кезең мәдениеттердің курс ауысуымен байланысты. Бір кезеңде өркендеген андроновтық-қима қауымының бүкіл ауқымына – Еділ бойының, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Батыс Сібірдің оңтүстік өңірінің ұлан-байтақ жазығына «білемді керамика» /валиковая керамика/ мәдениетінің тайпалары қоныстанды.
Батыс және Солтүстік Қазақстанның әр түрлі қоныстарында сол уақытқа жататын барлығы 60-тан астам тұрғын үй зерттелді. Олар жартылай жертөлелер және жер үстіндегі құрылыстар болып бөлінеді.
Жартылай жертөле түріндегі тікбұрышты тұрғын үйлер көбірек тараған. Олар аумағы үлкен, орларының тереңдігі 0,8-1,5 метр, қабырғалары тік болумен ерекшеленеді. Үйдің едені тегіс, бірақ үйдің бір жартысы екінші жартысынан тереңірек. Сірә, мұнда мал ұстама керек. Әдетте еренде тіреуіштердің шұңқырлары көп, бір үйде 200 ден 600-ге дейін жетеді. Тіреуштер қабырғалардың қаңқалары болған; үйдің төбесі солармен тірелген.
Сопақша жартылай жертөлелер Шағалалы-1 қонысынан табылды. Сопақша үйдің аумағы 20х12 м. Еденде үш шұңқыр бары байқалады. Бірі жер ошақ, екіншісі, астық сақтайтын ұра болса керек. Үйдің оңтүстік-шығыс жағындағы үшінші шұңқыр тереңдігі 1,8 метрдей құдық болып шықты.
Бұл тұрғын жай бірінен-бірі оңшау екі үйден құралған – бірі шығыс жақта, екіншісі батыс жақта. Үйлердің бітімі сопақша, диаметрі 10 метрдей және бір-бірімен ұзындығы 2 метр, ені 1,2 метр дәлізбен жалғасқан. Жартылай жертөленің батыс жақ бөлігі тұрғын үй болған. Мұнда үлкен жер ошақ тұрыпты, ал қабырғаларының бірінің түбінде диаметрі 1,4 метр, тереңдігі 2,7 метр құдық қазылған.
Соңғы қола дәуіріндегі тұрғын үйлер құрылымның алуан түрлі болуын шаруашылық кәсіптің күрделілене түсуімен түсіндіруге болады. Жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты тайпалардың көшім-қонымы көбейгендіктен, жеңіл сопақша үйлер жердің үстіне салынатын болды.
Қоныстардың тұрғындары қола шот, ойығы бар ауыр шапашот, біз, ұңғысы бар қашау, балдақ сапты пышақ, дөңгелек тиекті сабы бар қанжар сияқты қару-жарақтарды қолданды.
Бұл аймақтағы соңғы қола дәуіріне қатысты табылған заттардың ішінде егіншілікке байланысты еңбек құралдары толық дерлік жоғалады да, мал шаруашылығы кәсібінде – тері мен жүнді ұқсатуға қолданылатын сүйек, қола бұйымдар, сондай-ақ қанжар, жебелер мен найзалардың қола ұштары көбейді.
Б.э. дейінгі ҮІІ-ғасыр қарсаңында көшпелі мал шаруашылығына көшу жеделдейді. Солтүстік Қазақстанда бұған климаттың біраз ылғалдану кезеңі себеп болды. Шөбі шуйегін, ылғалды дала мал шаруашылығының шапшақ дамуын жеделдете түсті. Қола дәуірінің аяқ кезіндегі Солтүстік және Батыс Қазақстан тайпалары ертедегі темір дәуірінің сақ-сармат мәдениетінің қалыптасуына қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет