Дәріс №8 "Дүниетану" сабақтарында қолданылатын интерактивтік әдістер
Оқыту ұстанымы дегеніміз не?
Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыруға, оқу материалының мақсаттарын орынды анықтауға және мазмұнын таңдап алуға, оқытудың түрлері мен әдістерінің мақсаттарына тиісті түрін таңдауға мүмкіндік береді. Оқыту принциптері Жүйелілік принципі Ғылымилық принципі Өлкетану принципі Көрнекілік принципі Оқытудың ғылымилық принципі білім беру мазмұнының қазіргі ғылым мен техниканың, әлемдік өркениеттің жинақтаған тәжірибесінің даму деңгейіне сәйкестігін қарастырады. Бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнін ғылымдарының қазіргі жетістіктері мен жаңалықтарын кірістіре отырып, нақты ғылыми фактілермен, құбылыстармен, табиғи заңдылықтармен таныстыруға бағытталу болып табылады. Оқыту жүйесінде негізгі деп саналатын принцип – көрнекілік принципі. «Егер оқушыларға нақты шынайы білім беруге ниеттенсек, онда біз барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмтылуымыз керек», – деген А.Я.Коменскийдің пікірі дәлелдейді. Сондай-ақ, К.Д.Ушинский «қандай да бір жағдайды қабылдауға сезім мүшелері қанша көп қатысса, ол біздің есімізде сонша берік сақталады», – деген.
Tip 3: Spell it out.
Оқытудағы реттілік пен жүйелілік принципі оқулықтар мен бағдарламаларда жүйелеп құрумен, пәнаралық және пәнішіндегі байланыстарды орнатумен іске асырылады. Оқытуда жүйелілік тұрғыда дамыту оқу материалын нақты құрылымдауға, оқылатын оқу пәні бойынша оқулық пен көрнекі құралдардың жиынтығын жасауға мүмкіндік береді. Жүйелілік құрылымдау оқылатын материалдағы басты ұғымдар мен категорияларды бөліп көрсетуді, олардың басты ұғымдармен байланысын орнатуды талап етеді.