Интерактивті оқытуда қатысушылар саны көп болмау керек, 25 адамнан артпауы керек. Тек осы жағдайда ғана, аз топпен жемісті, дұрыс жұмыс жасауға болады.
Интерактивті оқыту әдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері:
Жұмыс жасауға арналған жердің дайындығы. Білім алушылар топ- топпен және жалпы түгелдей сыйуы үшін жайлылық қажет. Жұмыс уақытын нақты белгілеу. Бұған жұмыс басында келісіп, оны бұзбау керек. Әркімнің сөз сөйлеуге құқылы екендігін есте сақтау керек. Топтарға бөлу кезінде түсіністікпен қарау керек. Бас кезінде өз еріктерімен, қалауынша бөлінуін қамтамасыз ету. Содан кейін кездейсоқ таңдауды пайдалануға болады.
Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі:і
Имитациялық емес Проблемалық лекциялар Тақырыптық топтық пікірталас Ой қозғау Дөңгелек үстел Имитациялық Нақты ситуацияларды талдау Тренингтер Ойын түрінде Іскерлік ойындар Өндірістік ойындпр Зерттеу ойындар Белгі қойып оқу немесе INSERT(Interactive Noting System for Effective Reading and Thinking-тиімді ойлау мен оқуға арналған белгілеудің интербелсенді жүйесі)деп те атайды. Оқушылар мәтінді оқығанда жекелей мынандай кестені толтырып отыруы керек: V + - ? "Бұрыннан білемін" «Жаңа ақпарат" "Менің ойлағаныма қайшы" "Білгім келеді"
«ДЖИГСО» әдісі
Жигсо-көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға,үйретуге бағытталған тиімді тәсіл. кіші топтарға бөліну арқылы әр оқушы өзіне белгілі бір міндет жүктеледі. Олар: топ басшы(лидер), баяндамашы(спикер), хатшы, хатшы көмекшісі, уақыт үнемдеуші(тайм-гипер). Әр топқа белгілі тір тараудың тапсырмаларын топқа бөліп береді. Топ берілген тапсырманы әрқайсысы оқығаннан кейін, топ басшысы топ мүшелеріне түсіндіреді. Келесі кезекте топ басшысы өз мүшелерін басқа топтарға өкіл ретінде жібереді. Ал топ басшысы басқа топтан келген өкілдерге өзінің тапсырмасын түсіндіреді. Өкілдер басқа топтың тапсырмасын түсінгеннен кейін топ басшысына айтады. Соңында бірлесе отырып тапсырманы постерге салып қорғайды. "Өрмекші" әдісі Топ 4 немесе 5 білім алушыдан топтарға бөлінеді, әр топтағы білім алушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылады, тапсырмалар үш деңгейде жазылады. Әр білім алушы өз нөмеріне байланысты тапсырмаларға дайындалады. Тапсырма орындалғаннан кейін бірдей нөмірдегі білім алушылар топтасады, сұрақтар бойынша талдау жүргізеді және өздерін бағалайды. Оқытушы сұрақтардың дұрыс жауаптарын береді. Дұрыс жауаптар арқылы білім алушылар бірін –бірі бағалайды. Қайтадан өз топтарына келіп отырады, өз сұрақтары бойынша материалдарын түсіндіреді және бір-бірін бағалайды.