Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Мағыналы сөздерді қолдану



Pdf көрінісі
бет13/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)

Мағыналы сөздерді қолдану. 
Тақырыпта жазба жұмысының түйін сөздері мен 
зерттеу табиғатын ашатын мағынадағы сөздер қолданылу керек. Жұмыс жазылатын салада 
қолданатын терминдер туралы ойланып, оларды тақырыпта қолдануға тырысу қажет.
3) 
Қысқарған сөздер мен жаргондарды қолданбау. 
Тақырып құрылымын жазу 
барысында көпшілікке белгілі БҰҰ, ҚР сияқты қысқарған сөздерді қолдануға болады. 
Дегенмен жалпыға бірдей таныс емес арнайы салада қолданылатын қысқарған сөздерді 
қолданбаған абзал. Сонымен қатар жаргондар қолданылмағаны дұрыс, себебі бұл сөздер 
ғылыми стильге тән емес және оқырманға түсініксіз болуы мүмкін. 
Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынадай талаптарға сәйкес келеді: 
- Мазмұнымен сәйкес келеді; 
- Оқырманның қызығушылығын тудырады; 
- Жазба жұмысының бағытын байқатады; 
- Компьютер арқылы тез тауып алуға мүмкіндік беретіндей түйін сөздер 
қолданылады; 
- Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды 
(тақырыбын қайталамайды).
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптың қай бағыты қызықты екенін айқындап 
алу керек.
Тақырып таңдау барысында кейбір студенттер қателіктерге де жиі ұшырасады.
Студенттердің тақырып таңдауда жиі жасайтын қателіктері мыналар: 
-Тақырыптың ауқымды болуы; 
-Тақырыптың өте шағын болуы; 
-Тақырыптың қызықсыз болуы; 
-Тақырыпта қысқарған сөздердің қолданылуы; 
-Тақырып таңдау туралы кеңес сұрамауы; 
-Уақытты тиімді қолданбауы. 
Аталған кемшіліктерді болдырмай тақырыпты сәтті таңдау үшін мынадай амалдарды 
қолдануға болады: 
-Ойшақырту амалдарын қолдану; 
-Өзі оқи алатын және түсіне алатын әдебиеттерге қатысты тақырып таңдау
-Тақырып жөнінде материалдар табуға және жаза алатына сенімді болу; 
-Кілт сөздердің тізімін жасап алу
-Зерттеу тақырыбының сұрағын айқындап алу; 
-Өз тақырыбына қатысты еңбектерді көп оқу; 
-Негізгі тұжырымдарды анықтап алу.
Зерттеу жұмысының сәтті шығуы тақырыпқа қатысты екені белгілі, сол үшін кез 
келген студент өз тақырыбын дұрыс таңдауға бар күш-жігерін жұмсайды. Студент үшін 
тақырып туралы қалай ойлануға болады деген сауал туындауы заңдылық. Сондықтан 
тақырыпты іздестіру барысында мынадай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізуі мүмкін: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет