Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Ғылыми-теориялық мақалалар



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)

1.
Ғылыми-теориялық мақалалар
теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған 
мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналады.Теориялық мақалалар кез келген зерттеуді 
жүргізудің негізі болып табылады. Ғылымда тек теориялық пайымдаулардың көмегімен 
тың жаңалықтар ашылып, кейін тәжірибе мен эксперименттер арқылы дәлелденген 
оқиғалар аз кездеспеген. Кейбір салаларда тек қана теориялық әдістер арқылы зерттелетін 
нысанның маңызын ашуға болады. 
2.
Ғылыми-практикалық мақалалар
ғылыми эксперименттер мен шынайы 
тәжірибеге арналады. Оларда эксперимент жүргізу әдістері не зерттелетін құбылысты 
бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталады. Зерттеу барысында алынған 
нәтижелерді баяндау мен оларды түсіндіру мұндай мақалалардың негізгі бөлігі болып 
табылады. 
3. Ғылыми-әдістемелік мақалалар
ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге 
мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен үдерістерге шолу жасауға арналады. 
 Ғылыми мақаланың құрылымы 
Ғылыми мақаланың нақты құрылымы болады. Ол мынадай бөліктерден тұрады:
Атауы (тақырып).
Абстракт немесе Аңдатпа.
Тірек сөздер.
Кіріспе.
Əдебиеттерге шолу.
Негізгі белім (әдіснамасы, нәтижелері).
Тұжырымдар мен зерттеуден күтілетін нәтижелер.
Қорытынды. 
Атауы
(тақырып) - негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, параграф, 
тармақ, тармақша, кесте және т.б.) таңбалау. 
Мақаланың атауына қойылатын негізгі талап - қысқалық және анықтық. Тақырыптың 
ең үлкен көлемі - 
10-12
сөз. Тақырып мағыналы, мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы 
керек. Тақырып оқырманның назарын аударатындай болуы тиіс. Мақала жазғандағыдай, 
тақырып қоюда да ғылыми стильді қатаң ұстану қажет. Тақырып зерттеудің басты 
тақырыбын анық бейнелеп, оқырманды мақалада қарастырылған мәселеге қатысты 
шатастырмауы тиіс. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек. 
Тақырыпта жалпыға түсінікті қысқартуларды қолдануға да болады. Мақала тақырыбын 
басқа тілге (орыс, ағылшын тілдеріне) аударғанда кейбір ұлттық ерекшелікке қатысты 
аударылмайтын жалқы есімдерден, реалийлерден басқа қазақ тілінен ешқандай 
транслитерация қолданылмауы керек. 
Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген нөмірлерінде немесе 
жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған 


авторлықжұмысболып табылады. Ғылыми мақаланың көлемі, әдетте, 0,5-0,7 баспа табақты 
(8-10 бет) құрайды. 
Мақаланың 
қолжазбасында жұмыстың толық атауы, автордың атыжөні, 
абстракт/аңдатпасы, пайдаланылған әдебиет тізімі болуы керек. 
Ғылыми мақаланың мынадай қарапайым құры лымы болады: 
- кіріспе (ғылыми мәселенің қойылуы, өзектілігі, маңыздылығы, ғылымның белгілі бір 
саласының дамуы үшін қосатын үлесі - 1 абзац немесе 5-10 қатар); 
- автордың соңғы уақыттағы мәселе бойынша сүйенетін негізгі зерттеулері, мақала 
арналып отырған шешілмеген мәселелерді беліп көрсету (0,5 -2 бет); 
- мақаланың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы. Мақала мақсаты тақырып бойынша 
негізгі жарияланымдарға шолу жасап, ғылыми мәселенің қойылысынан келіп шығады (1 
абзац немесе 5-10 қатар); 
- жеке зерттеу мазмұнын баяндау мақаланың негізгі бөлігі болып табылады. Онда 
ғылыми зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері, жеке идеялары, пікірлері, ғылыми 
деректер, эксперимент бағдарламасы, алынған нәтижелерді талдау, негізгі тұжырымдарды 
жүзеге асыруға автордың қосқан үлесі және т.б. баяндалады. (5-6 бет); 
- автордың негізгі пайымдауы сипатталатын қорытынды, тұжырымдар мен 
ұсынымдардың берілуі, олардың теория мен практика үшін маңызы, қоғамдық маңызы мен 
болашағы (1/3 бет). 
Ғылыми мақала жазу кезінде белгілі бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет