Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)

ережелерді
ұстанамыз:
- оң жақ жоғары бұрышқа автордың аты-жөні жазылады, қажет болғанда автор туралы 
басқа да мәліметтер беріледі (мысалы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны); 
- мақала атауы оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы керек (бес сөзге дейін 
болғаны мақұлданады); 
- инициалдар (қазақ тілінде) автордың тегінің алдына қойылады; 
- ғылыми есеп беру стилінен аулақ болған жөн
- риторикалық сұрақтарды қоймаған дұрыс, негізінен хабарлы сөйлемді қолданған 
абзал; 
- ережелер мен пікірлерді санамалаған кезде цифрлармен мәтінді толтырмау қажет; 
- белгілі ғалымдардың еңбектеріне сілтемелер мақаланың басында беріліп, негізгі 
көлем автордың жеке ой-пікіріне арналғаны дұрыс; 
- мақала нақты тұжырымдармен және ұсынымдармен аяқталуы керек, мақала соңында 
пайдаланылған әдебиет тізімі беріледі. 
Мақала қолжазбасына автор қол қойып, редакцияға басуға тапсырылады. 
Мақала жазу барысында ойыңызды анық көрсетіп, мақаланың логикалық құрылымын 
анағұрлым көрнекі қылу үшін төмендегідей түрлі қыстырма сөздер, фразалар қолдануға 
болады: 
Біріншіден... Екіншіден... Үшіншіден... Ең алдымен 
Сонымен бірге 
Сондай-ақ 
Бұдан әрі 
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе 
Сәйкес 
Осылайша 
Осы ретте 
Осыған сәйкес 
Дегенмен 
Алайда 


Бір жағынан 
Жалпы алғанда 
Сондықтан 
Қорыта келе 
Сезімізді қорытындылай келе 
Десе де, қыстырма сөздерді орынсыз қолданудан, әрбір сөйлемді қыстырма сөзден 
бастаудан аулақ болғаныңыз жөн. 
1 Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігін көрсетіңіз. 
2 Ғылыми мақаланың мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз. 
3 Ғылыми мақалада қолданылған әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз. 
4 Ғылыми мақаладан күтілетін нәтижелерді анықтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет