Білім беру психологының жеке жауапкершілігі
Психолог әкімшілік жауапкершілікке тартылады:
- қойылған психологиялық диагноздың дұрыстығы және пайдаланылатын психологиялық әдістер мен құралдардың (диагностикалық, түзету, дамыту, профилактикалық) барабарлығы, сондай-ақ берілген ұсынымдардың негізділігі;
- психологиялық құжаттаманы уақтылы толтыру және оны белгіленген тәртіппен ресімдеу;
- психологиялық құжаттаманың (психодиагностикалық зерттеп-қарау хаттамалары, психологиялық қорытындылар) сақталуы;
- психологиялық өзара іс-қимыл процесінде алынған психологиялық ақпараттың құпиялылығы (жабықтығы) (алқалы талқылау жағдайларын қоспағанда);
- қасақана кәсіби араласпау (кәсіби құзыреттілік шегінен шығатын жағдайлар алынып тасталады).
Егер психологтың әрекеті баланың психикалық немесе физикалық денсаулығына ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Психолог қылмыстық жауапкершілікке тартылады:
- балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жарияламау (жасыру);
- тыйым салынған немесе жасына қарай қолдануға бейімделмеген кәсіби құралдармен балалардың психикалық денсаулығына абайсызда (немқұрайдылық және біліксіздік) және қасақана (сөз байласу бойынша) зиян келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |