Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Дәріс №10 Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты дамуы



бет40/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Дәріс №10

Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты дамуы


Дәріс мақсаты: Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі, жасқа және байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
2.Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілк сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері.
3.Тыныс алу мүшелдері мен дауыс аппаратының гигиенасы.

Тыныс алу – дегеніміз ауадан оттегінің сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестерді айтады.
Тыныс алу жүйесі – ол мүшелер жүйесі, олардың қатысуымен организм мен қоршаған орта арасында газ алмасу жүреді. Мүшелері:



  1. Ауа өткізетін (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, трахея, бронхылар);

  2. Тыныс алатын (өкпе).

Тыныс алу - организмге оттегінің келуі, оны қолдану және көмір қышқыл газының және метаболизмдік судың шығарылу процестерінің бірлестігі. Организмге оттегі үздіксіз түсіп, көмір қышқыл газы шығарылып тұру қажет. Адам тамақсыз 30 күн, сусыз 10 күнге дейін, оттегісіз – 5 минут өмір сүре алады.
Тыныс алу негізінен 5 кезеңнен тұрады:

  1. Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

  2. Өкпе альвеолалардағы газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;

  3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағысымен тасымалдануы;

  4. Ұлпа мен қан арасында газ алмасуы;

  5. Ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.

Тыныс алудың 4 кезеңі физиологиялық, 5-ші кезең биохимиялық болып табылады. Тыныс алу екі кезеңінен тұрады демалу – инспирация және демшығару – экспирациядан тұрады. Осы екеуінің кезектесіп отырылуының арқасында өкпенің желдетілуі іске асырылады. Дем алу кезінде өкпе көпіршіктеріне оттегі келіп түссе, ал дем шығарғанда сыртқы ортаға көмірқышқыл газына бай, оттегіге кедей ауа бөлінеді. Дем алу және дем шығаруда ауаның жылжуы көкірек жасушасының кеңеюі мен сығылуының кезектесуімен байланысты. Көкірек жасушасының кеңеюін тудыратын 2 жолы бар:
а) қабырғалардың көтерілуін тыныс алу бұлшықеттерінің жиырылуы;
б) диафрагманың (көкет) жиырылуы мен босаңсуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет