Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Қан айналу жүйесі, кіші және үлкен шеңберлері. Жүрек



бет37/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Қан айналу жүйесі, кіші және үлкен шеңберлері. Жүрек - қан жүйесіне қан тамырлар (жүрек және тамырлар) және лимфотикалық (капиллярлар, түйіндер, тамырлар, бағаны мен ағыстары) кіреді. Жүрек-қан жүйесін зерттейтін ілім – ангиокардиология. Қан айналу жүйесі маңызды жүйелердің бірі болып табылады, ұлпаларға қоректік заттарды жеткізеді, қорғаныштық, зат алмасу өнімдерін реттеу және шығару, жылу алмасуға қатысады. Алғаш қан аййналу механизмін сипаттаған ағылшын дәрігері Гарвей. Сервет алғаш кіші қан айналымды сипаттады.
Организмде 3 қан айналуды ажыратады:

  1. үлкен (денелік);

  2. кіші (өкпелік);

  3. жүректің айналымы (венечный).

Қан қызметі қан айналу жүйесі арқылы орындалады. Ол жүйеге жүрек және қан тамырлары жатады. Жүректен шығатын қан жолдары артериялық тамырлар, ал жүрекке келетін қанның жолдарын веналық тамырлар деп атайды. Қан жүрек қарыншаларынан шығып, жүрекшелерге құяды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығып ең үлкен артериялық тамырға - қолқаға өтеді. Қолқадан артериялық тамыр тармақталады. Артериялық тамырлар артериолаларға, ал олар капиллярларға тармақталады. Капиллярлар ағзалар мен ұлпаларды торлап жатады. Капиллярлар бір-бірімен қосылып веноздық жіңішке тамырларды - венулаларды түзеді. Венулалар өзара бірігіп веналық тамырлаға айналады.
Қан айналудың кіші шеңбері оң қарыншадан басталады. Оң қарыншадан қан өкпе артериясына өтеді. Өкпе артериясы екіге тармақталып қанды өкпенің оң және сол бөліміне апарады. Өкпеде бұл тамырлар бірнеше рет тармақталып, өкпе капиллярына айналады. Бұл жерде газ алмасу жүреді: оттегі альвеоладан қанға, көмір қышқыл газы қанға қаннан альвеолаға өтеді. Өкпе артериясымен келген вена қаны артериялық қанға айналады. Бұл қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге құйылады.
Жүректік (венечный) айналымы миокардты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ол аорта пиязшығынан басталады, жүрек (венечный) артериясын, ұсақ артериолар мен капиллярларды қамтиды.
Жүрек, оның қан айдау қызметі. Жүрек етінің жалпы қасиеттері.
Жүрек (лат. соr, гр. cardia) - қалың көлденең жолақты бұлшықеттен тұратын төрт қуысты ағза (250-300 г). Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15, ені 8-11см, жүрек үшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөлді. Құлақша мен қарынша арсында ативентрикулярлық тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атривентрикулярлық қақпақшалар бар.
Жүрек жақтаулары 3 қабаттан тұрады: эндокард, миокард, эпикард. Жүрек қабы перикард. Балалардың эпикарды ересектерге қарағанда жұқа және мөлдір, сондықтан оның астында орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.
Эндокард – жүрек қуысын іштей көмкерген атриовентрикулярлық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып қос қабат құрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады. Ол дәнекер ұлпасы мен эндотелийден тұрады. Сонымен әр қақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады.
Миокард – жүректің ортаңғы қабаты, ол көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұратын ең қалың қабаты. Жүректің құлақшасының миокарды екі қабаттан тұрады (беттік және тереңдік), қарынша миокарды 3 қабаттан тұрады (беттік, ортаңғы және тереңдік). Жүректің оң жағына қарағанда сол жағыныынң микокарды қалың болады.
Эпикард – жүректің сыртын қаптап тұрады, жүректен шығатын не оған келетін ірі қан тамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бұл эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард – жүрек қабы. Эпикард пен перикард арасында сероздық сұйықтық болады. Серозды сұйықтық эпикард пен перикард ішкі бетін майлап, қадалудан сақтайды. Жүрекше мен қарынша арасындағы тесіктерді жауып тұратын қақпақшалардың оң жақтағысы үш жақтаулы, ал сол жақтағы қос жақтаулы. Қақапақшалар жүрек жиырылған кезде қанның белгілі бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.
Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, соғып тұрады. Адамның жүрегі минутына 70-72 рет соғады.
Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді. Миокард талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ. 7-12 жас аралығында балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ұл балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық кезеңде жүрек қан тамырлардан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды өттегімен қамтамасыз етуге және қоректендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауруы, тез қалжырауы болады.
Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүрек тесіктерінің көлемі бойынша т.б. айырмашылықтары болады. Жүрек циклының ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жаста 0,75 сек., ересек адамда 0,8 сек. тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жаста 80-90 рет, ересек адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бір минуттағы барлық систолалық көлемі жүректің минуттық көлемі дет атайды. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады. Жүректің жиырылу кезеңін систола, ал босаңсу кезеңін диастола деп атайды. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруын жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп атайды.
Жүрек циклы 3 фазадан тұрады:

  1. құлақша систоласы (0,1 сек);

  2. қарынша систоласы (0,3 сек);

  3. диастола (0,4 сек).
    Барлық цикл 0,8 сек құрайды. Диастола кезеңінде жүректің жалпы босаңсуы жүреді, жартылай ай тәрізді клапандар жабық, жақтаулылар ашық болады. Жүректе қысым 0 дейін төмендейді. Осы кезде вена тамырындағы қысым сынап бағанасымен 7 мм жетеді, сондықтан қан қысымы жоғарғы жақтан төмен жаққа ағады. Қан жүрек құлақшасына көктамыр және өкпе венасы арқылы келеді. Жүрек құлақшасының систоласы басталғанда қан қарыншаға өтеді.Одан кейін жүрек қарыншасының систоласы басталады, ол 2 фазадан тұрады:

  1. ширрығу фазасы (қан айналасындағы миокард сығылады) – 0,005 сек.

  2. Қандаы айдау фазасы (қанның аортаға және өкпе бағанасына шығуы) – 0,25 сек.

Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйесінде қан айдау. Систола кеінде әр қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі не екпінді мөлшері деп аталады. Ол ересек адамда 70-80 мл. СҚК жүрек соғуының минуттық санына көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемі анықталады. Бір минут арасында әр жүректен шыққан қанның көлемі жүректің минуттық қан көлемі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет