Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Қанның қорғаныс қызметі, клеткалық және гуморалдық иммунитет жөніндегі ұғым. Иммундық жүйе



бет35/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
5. Қанның қорғаныс қызметі, клеткалық және гуморалдық иммунитет жөніндегі ұғым. Иммундық жүйе - организмнің генетикалық дамуында қалыптасқан клеткалық және гуморалдық иммунитет құрамының тұрақтылығын сапалы қадағалайтын жүйе.
Иммундық жүйесі мына компоненттерден тұрады (Е.П. Шувалова, басқалар, 2001):
1. Биологиялық белсенді макромолекулалар:
а) иммунды реакциялардың медиаторлары:
- интерлейкиндер
б) өсу факторлары:
- интерферондар;
- ісік некроз факторы;
- лимфотоксин;
- эктодермальдық өсу факторы;
- фибробластардың өсу факторы;
гранулоцитарлық өсу факторы;
- макрофагальдық өсу факторы;
г) гормондар:
- тимопептидтер;
- миелопептидтер.
2. Иммунды қабілетті клеткалар (иммнокомпетентті):
а) Т- және В- лимфоциттері;
б) цитотоксикалық клеткалар;
в) иммунды қабілетті клеткалар шығаратын цитокиндер.
III. Иммундық жүйенің мүшелері:
а) орталық:
- айырша без (Т-жүйесі)
- сүйек миы (В-жүйесі)
б) шеткілік:
- көк бауыр;
- лимфа түйіндері;
- асқазан-ішек жолындағы лимфоидты жиынтықтар.
Иммундық жүйе мақсаты:
- бөгде клеткалардың организмге кіруінен және генетикалық өзгерген клеткалардың пайда болуынан қорғайды;
- ескірген (кәрі) ақаулы өз клеткаларын және дәл сол сәттегі организмнің ерекшелігіне сай келмейтін бұзылған клеткаларды жойып отырады;
- генотипі бөтен жоғары молекулалы биологиялық заттарды бейтараптайды.
Иммундық жүйе - көпкомпоненті, бірақ барлығы тұтас жұмыс істейтін кешен. Иммундық жүйеге эволюциялық дамуында ерте қалыптасқан бейспецификалық қорғаныс компоненттері және кейін пайда болған спецификалық қасиеті өте жоғары иммундық реакциялар қатысады.
Иммундық жүйенің негізгі клеткасы - лейкоцит, оның әр түрлі популяциясы және субпопуляциясы бар.
Иммундық жүйенің спецификалық қасиеті лимфоциттермен және олар бөлетін лимфокиндер және антиденелермен сипатталады.
Иммунды жүйенің бейспецификалық қызметі (бөгде клеткаларды жою) моноциттер, гранулоциттер, бейспецификалық лимфоциттер атқарады. Бейспецификалық қорғаныс элементтерінің саны спецификалық мүшелерге қарағанда әлдеқайда көп. Сондықтан бейспецификалық элементтер бөгде антигендік заттарды жоюға бағытталған, ал спецификалық жүйе оларға хабар беру, оларды белсендіру және антигендердің жоюын бақылайтын жұмыстарды жүргізеді.
Қан, лимфа, тінаралық сұйықтық иммунитет жүйесінің клеткалық және гуморалдық факторларын қамтамасыз етеді.
Клеткалық факторларға жататындар - қандағы барлық лейкоциттер.
Бұл клеткалардың бәрінің өзіне тән морфологиялық және цитохимиялық ерекшеліктері бар.
Гуморалдық факторға жататындар:
- Гамма - глобулиндер антиденелердің (Jg A, М, G, E, D) қызметін атқарады
Комплемент - термолабильді белоктар, 25 сарысу белоктары, оның ішінде тоғызы комплементтердің маңызды компоненттері. Комплементтерді макрофагтар түзеді.
- Лизоцим – сілекейде, көз жасында, сарысуда кездесетін термолабильді фермент, макрофагтар мен эпителий клеткалары бөледі.
- Цитокиндерді - полипептид молекулаларын, иммунды компотенетті клеткалар бөледі. Олар иммунды клеткалардың жетілуіне қатысады. Оған интерлейкиндер, интерферондар, колония белсендірушілер, т.б. факторлары жатады.
- С-реактивті белок пен жедел кезеңнің белоктары жедел қабыну процестерінде пайда болады. С-реактивті белок лейкоциттердің қозғалуын жылдамдатады,Т-лимфоциттерімен қосылып, оның белсенділігін күшейтеді.
Иммундық жүйенің мүшелеріне айырша без, фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы, пейер табақшалары (ішектегі лимфатикалық клеткалардың жиынтығы), көкбауырлимфа бездері, бадамша бездері, лимфатикалық клеткалар популяциясы мен лимфа, құрт тәрізді өсінді, жеке орналасқан лимфоидтық фолликулалар жатады.
Иммундық жүйе мүшелері орталық және шеткі болып екіге бөлінеді. Орталық иммунитет жүйесіне айырша без, фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы кіреді.
Шеткі иммунды жүйе мүшелеріне көкбауыр, лимфа бездері, басқадай лимфалық құрылыстар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет