Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет34/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Гемостаз (грек, hameo - қан , statis- тоқтау) – қан тоқтау. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық процестерді атайды. Түрлері:

  1. Тамырлы-тромбоцитарлы;

  2. Коагуляционды.
    Ұйыған кезде қан қоюланып, тромбқа айналады. Тромб қантамырының жарасын бітейді де, сыртқа қан кетуін тоқтатады. Қан ұйымайтын ауру – гемофилия деп аталады. Қан ұю жылдамдығы қан ұйытатын заттардың санына, күшіне байланысты. Қан ұюы туралы ілімнің негізін салған А. Шмидт (1872-1895). Қан ұю процесін зерттеген ғалымдар Кудряшов В.А., Маркосян А.А. Соңғы кездегі мәліметтер бойынша қан ұюы 3 кезеңнен тұрады:



  1. Протромбиназа пайда болуы;

  2. Тромбин пайда болуы;

  3. Фибрин пайда болу кезеңдерінен өтеді.
    Сондай-ақ, алғашқы және соңғы кезеңдері анықталды. Алғашқы кезеңі – тромбоциттік гемостаз, ал соңғы кезеңі – ретракция (тығыздалу) мен фибринолиз (ұйыған қанның еруі).

Гемостаз түрлері:
1. Тамырлы-тромбоцитарлы;
2. Коагуляционды.
1. Тармырлы-тромбицитарлы түрі ұсақ қан тамырлар мен кпиллярларға таралады. Тамырдың зақымдалу нәтижесінде нерв импулстары сопақша миға барадыодан кейін қайтады, оның кейін қайтуы тамыр қабырғасының рефлекторлы спазміне әкеледі. Бұл уақытша реакция. Ұзақ уақыттық спазмды серотонин, адреналин және норадреналин қамтамасыз етеді. Одан кейін тромбоцитарлы тығынның тығыздалуына әкеледі. Тромбоциттер мен лейкоциттер жарақат зонасына барып, тромб түзеді. Тығын тромбоцит белогы – тромбостенин есебінен тығыздалады.
2. Қан ұюы есебінен жүреді. Қан тамырларының қабырғасының зақымдалу нәтижесінде фибриноген белогы ерімейтін фибринге айналады, Бұл ферментативті процесс. Оған фибриноген, протромбин, тромбопластин, К дәруменінің қатысуымен бауырда түзілетін калий ионы және 15 плазмалық факторлар қатысады.бірінші фазада протромбиназа протромбинге ауысады, екінші фазада протромбин тромбинге айналады, үшінші фазада фибриноген фибринге айналады. Бұл үшін тромбин және кальций ионы қажет. Фибрин жіпшелері қысқарады және тығыздалады. Қалыпты жағдайда қан тамырда ұйымайды:
1. Қан жүйесінің факторлары белсенді емес формада болады;
2. Олардың ингибиторлары болады;
3. Фибринолитикалық жүйелердің болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет