Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет32/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Т-лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар үшке бөлінеді:

  1. Т-киллер;

  2. Т-хелпер;

  3. Т-супрессор.
    Киллер – өлтіруші жасуша ісік жасушаларын, адам организмінде бөгде заттарды жоятын иммунитет жасайды. Сонымен қатар, медиатор – лимфокин юөліп шығарады. Димфокин өзге жат жасушаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, мкрофагтардың әсерін күшейтеді.

Хельпер – көмекші жасуша, В-лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығаратын жасушаға айналдырады. Антидене антигенмен әрекеттеседі.
Супрессор – қысым көрсетуші, реттеуші клетка. Ол В-лимфоциттің және Т-киллер реакциясы күшейіп бара жатса, тежеп отырады. Т-лимфоциттер арасында иммунитетті ұзартатын еске сақтау клеткалары да болады.
В-лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен тоқ ішектің лимфоидтық ұлпаларында, бадамша бездерінде одан әрі дамиды. В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттер өзара әрекеттескен соң иммунды глобулиндер, антиденелер шығарады (гумаралды иммунитет).
Лейкоциттер қасиеттері:

  1. Амеба тәрізді қозғалыс;

  2. Диапедез – бүтін қан тамырларының қабырғасы арқылы өте алу қабілеті;

  3. Фагоцитоз –бөгде заттар мен микроорганизмдерді қоршап алу, сініру, ыдыратып жіберу қабілеті.

  4. Лейкоциттер қасиеттері:

  1. Қорғаныш (фагоцитоз);

  2. Антитоксиндік – антитоксиндерді жасау, микробтар бөліп шығарған заттарды заласыздандырады;

  3. Антидене жасау, иммунитетті қамтамасыз етеді;

  4. Қабынудың барлық кезеңдеріне қатысады, регенеративті процессті реттейді, жараның жазылуын жылдамдатады;

  5. Ферментативті – фагоцитозға қажетті ферменттерді жасайды;

  6. Гепарин және гистамин жасау арқылы қан ұю процесіне қатысады;

  7. Иммунтық жүйенің орталығы болып табылады, генетикалық гомеостазды сақтайды;

  8. Өзіндік мутант клеткаларды жоюды қамтамасыз етеді;

  9. Белсенді пирогендерді түзеді;

  10. Ақпараты бар макромолекулаларды тасымалдайды.

Тромбоцит – ( грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қан клеткасы. Тромбоцит - сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар - мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: белсендірілу фазасы, коагуляция фазасы, ретракция фазасы. Қалыпты жағдайда қанда 1 мм3 200-300 мың тромбоцит болады. Тромбоцитттер 10 күн өмір сүреді. Тромбоциттердің санының көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения.
Тромбоциттердің қасиеттері:

  1. Амеба тәрізді қозғалу;

  2. Фагицитоз;

  3. Бөгде заттар бетіне жабысу және бөлшектерді өзара желімдейді;

  4. Оңай бұзылады;

  5. БАЗ бөледі және сіңіреді: серотонин, адреналин, норадреналин;

  6. Құрамында ерекше қанды ұйытуға қабілетті қосылыстар болады.

Тромбоциттер қызметі:

  1. Тромб түзуге белсенді қатысады;

  2. Қан ағуды тоқтатады (гемостаз);

  3. Қорғаныш, микробтарды желімдеу арқылы (агглютинация);

  4. Қан ағуын тоқтатуға арналған ферменттер түзеді;

  5. Тамырлар жүйесінің құрылымы н сақтайтын креативті заттарды

  6. Ұлпа мен қан арасындағы гистогематикалық тосқауылға әсер етеді.

Ұю – қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет