Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Қанның плазмасы және формалы элементтері және олардың қызметі



бет29/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
2. Қанның плазмасы және формалы элементтері және олардың қызметі. Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және қан жасушаларынан: эриторциттер, лейкоциттер, тромбоциттерден тұрады. Плазма қан құрамының 52-58% , қан жасушалары 42-48 % тең. Қан плазмасы 90 % судан және 10 % белоктар мен минералды тұздардан тұрады.
Плазманың негізгі ақуыздар тобы:
1. Альбуминдер;
2. Глобулиндер;
3. Фибриногендер.
Плазманың белокты емес қосылыстарына аминқышқылдары, полипептидтер, мочевина жатады. Сонымен қатар плазмада 50 жуық гормондардың түрлері және пигменттер болады. Бактерицидтік қасиеті бар плазма белогы – пропердин.
Эритроцит – (грекше Erytros- қызыл, cytos- жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Ол қанның ядросыз екі жағы ойыс кедген дөңгелек жасушасы. Эритроциттер сүйектің қызыл кемігінде түзіледі, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Эритроциттер 30-120 күн өсір сүреді. Ер адамның қанында қалыпты жағдайда – 4-5 млн., әйел адамда – 3,7-4,7 млн, ал жаңа туған балада – 6 млн болады. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы – эритроцитоз, аз болуы – эритроцитопения деп аталады. Бұл сау және ауру адамдарда кездеседі. Сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді.
Эритроцитті көлденең қарағанда гантелге ұқсайды, дм 7,2-8,0 мкм, ойыс жерінің қалыңдығы 1,5-2,0 мкм, ал жасушада жиегінің қалыңдығы 2,5 мкм.
Эритроцит қызметтері:

  1. Тыныс алу (транспорттық);

  2. Қоректік (оның бетіне кейбір аминқышқылдары қонады);

  3. Қорғаныш ( токсинбермен байланысу, қан ұюға қатысу);

  4. Ферментативті (ферфенттерді тасымалдау);

  5. Буферлі (гемоглобин көмегімен рН сақтау);

  6. Креаторлы (клетка аралық қатынасты жүзеге арсыратын макромолекулаларды тасымалдау).

Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жағы белок және липидтен тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы Na+, K+, Ca2+ катиондарына өтімділігі нашар, СІ- және НСО3 , сутегі және гидроксил иондары тез өтеді. Эритроцит құрғақ заттарының көбі гемоглобинен, ал қалған заттар белок органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Гемоглобин – белок – хромопротеид, оның құрамында темір атомы болады. Ер адамдарда – 13-16 %, әйел адамдарда – 12-14 %. Оның қандағы жалпы мөлшері 700г. Гемоглобин құрамында 600-ге жуық аминқышқылдары кіреді, белок – 1 молекула глобин және 4 гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Бұлшықетте сүйектің қызыл майында түзілетін миоглобин болады.
Гемоглобиннің физиологиялық қосылыстары:

  1. Оксигемоглобин (артериялық қанда – HbO2);

  2. Қалпына келген (венозды қанда - Hb);

  3. Карбгемоглобин (веноздық қанда – HbСО2);

Патологиялық қосылыстарға жатады:

  1. Карбоксигемоглобин (HbСО) – өте тұрақты зат, көмір қышқыл газымен байланысы;

Мұнда О2 молекуласы қосылмайды, ол гипоксияға және улануаға әкеледі. Карбоксигемоглобин тұрақты қосылыс, бірақ ауада оттегі көбейіп кетсе, ол ақырындап ыдырай бастайды. Сондықтан иіс тиген адамды тез таза ауаға шақырады, өйткені таза оттегімен дем алғанда, қандағы карбоксигемоглобин 20 есе тезірек ыдырайды.

  1. Метилгемоглобин (HbОН). Күшті тотықтырғыш заттардың (азот тотығы, метилен көгі, калий перманганаты, анилин, бертолет тұзы, фенацитин, пирамидон) әсерінен гемоглобин құрамындағы темірдің валенттілігі өзгереді, ол екі валенттіден үш валентті болып, өте тұрақты қосылыс құрайды. Теміратомы гидроксил тобымен қосылады. Тірдерге оттегі тасылуы тоқтайды. Метгемоглобин дереу емдеуді қажет ететін патологиялық қосылыс. Гемоглобин метгемоглобинегеайналса қанның түсі шоколоад түсіне ұқсайды.
    Гемоглобин санын гемометрмен өлшейді.

Гемолиз (грекше haima – қан, lysis – еру) – эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Түсі қызыл лак тәрізді болады.
Гемолиз түрлері:

  1. Осмостық гемолиз- қанның осмос қысымының төмендеген кеөзде эритроциттер ісініп ары қарай жарылуы жүреді;

  2. Химиялық гемолиз – химиялық заттардың әсерінен эритроциттердің қабығы жарылады (алкоголь, эфир, бензол, хлороформ);

  3. Механикалық – қанды шайқап араластырған кезде эритроцит қабығының бұзылуы;

  4. Термиялық гемолиз – қанды біресе суытып, біресе жылытудан болады;

  5. Биологиялық гемолиз – ішек құрттары, улы жыландар, бунақденелілер, шаяндар шаққанда уларының әсерінен және сәйкес емес қанды құйғанда болады.

  6. Электрлік гемолиз – электр тогының әсерінен болады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет