Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет26/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.

Қарындағы ас қорыту. Көп бөлімді қарынның тек бір ғана бөлімінде ферменттер бар. Қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын деп атайды. Қарын қабырғасы сірлі, етті және кілегейлі қабықтардан құралған. Етті қабық 3-қабаттан – бойлама, сақинаша және қиғаш еттерден түзілген. Жалғыз бөлімді қарынның кілегейлі қабығында қарын аймақтары мен шұңқырлары болады. Қарында ас қорытуда маңызы зор HCI пепсиногенді – пепсинге айналдырып, бактерицидтік қасиет көрсетеді де, белокты амин қышқылына дейін ыдыратады. Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі:
1) Күрделі рефлекстік және милық кезең - шартты және шартсыз рефлекторлық әрекетке негізделген. Шартсыз рефлекторлық әрекет – тамақ дайындау, иіс, түрі қарын сөлін бөлдіреді;
2) Қарындық және жүйкелік - гуморальдық кезең;
3) Ішектік кезең– қарыннан ас ішекке жылжығанда қарын сөлі бөлінеді.
Қарын қимылы– қарын қабырғасының асты араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін әрекет жиынтығы.
Қарын қимылының реттелуі:
Жиырылу түрлері:
- Перистальтикалық жиырылу– 5-20 сек, бір фазалы, төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу.
- Ширықпа жиырылу– бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуы. 15-20сек, 2-4рет
- Систолалық жиырылу - қарын кіреберісінен басталып, 60сек дейін созылады, ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.
Зерттеу әдістері: баллонография, рентгенография, электромиография
4. Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Он екі елі ішекке түскен тағам ұйқы безі сөлі, өт сонымен қатар, он екі елі ішек бездерімен (бруннер – ішек бүрлері, ішектің кілегей асты қабығында, ал кілегейлі қабығында – либеркюн бездері орналасқан) бөлінген сөлдер әсеріне ұшырайды. Бруннерлі безбен бөлінген сөл – сілтілі реакциялы, түссіз сұйықтық. Сөлде көптеген кілегей және пепсинге ұқсас белоктық фермент бар. Ас қорыту процесі жүрмегенде, он екі елі ішек рН- қышқыл болғандықтан, ішекке түскенде бейтараптанады.
Ұйқы безі сөлінің (панкреатит) құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі сөлі – түссіз, мөлдір, сілтілі сұйықтық. рН 7,8-8,4. Сілтілі бикарбонатты буферлі жүйемен байланысты. Ферменттерге өте бай. Белоктарды ыдырататын ферменттер – трипсин, химотрипсин. Майларды – липаза. Көмірсу – мальтаза, лактаза.
Гуморальді реттелуі – секретин, холецистокинин арттырса, ал глюкагон, вазопрессин, АКТГ, энкефалин, кальцитонин тежейді.
Ұйқы безі сөлінің кезеңдері: бөліну ұзақтығы 6-14 сағат.
1. Милық кезең – шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге негізделген.
2. Асқазандық кезең – асқазанның механо- және хеморецепторлармен тітіркенуі және гастрин көмегімен іске асырылады.
3. Ішектік кезең – асқазаннан тағам он екі елі ішекке өткенде басталады.
Өттің бөлінуі мен оның шығарылуы: Өт бауырда түзіледі. Оның қызметтері: өт ұйқы және ішек бездерінен бөлінетін ферменттерді белсендіреді; майды ыдыратып, сіңіреді; ішек қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.
Өттің бауыр жасушаларында түзілуі үздіксіз түрде жүреді. Тағам асқазан және ішекке келіп түскенде ғана жалпы өт жолынан өт ішекке келіп түседі. Асқорыту жүрмегенде бауыр жасушаларында түзілген өт – өт қабына жинақталады. Өт жолындағы өт – ашық сары түсті, қою, кілегей салдарынан тығыз заттары өте көп. Өтте органикалық заттар: өт қышқылы мен пигменті болады. Одан басқа лецитин, холестерин, май, сабын, муцин, неорганикалық тұздар бар, ферменттер болмайды.
Өттің реакциясы әлсіз сілтілі. Тәулігіне 500-1000мл өт түзіледі. Өттік пигменттер – билирубин, биливердин. Билирубин гемоглобиннен түзіледі. Өттің түзілуі – халерез деп аталады. Өттің он екі елі ішекке өтуі – холекинез деп аталады. Сондықтан да, өттің 2 түрі бар:

  • Бауырлық (өт жолы арқылы ішекке);

  • Қалталық (өт қабында жиналады).

Өт қышқылдары гепатоциттерде түзіледі.
Өт бөлінуінің реттелуі: 1) жүйкелік – парасимпатикалық жүйке арттырады, симпатикалық жүйке төмендетеді. 2) гуморальдық – өт, глюкагон, гастрин.
Өттің шығарылуының факторлары: 1) он екі елі ішек пен өт шығару аппараты бөліміндегі қысым айырмасына; 2) бауырдан тыс өт жолдары сфинктерінің жағдайына.
Ащы ішектегі ас қорыту: Ішектік сөл – тұнбалы, тұтқыр сұйықтық, тәулігіне 2,5 л бөлінеді. Бруннерлі бездердің жасушаларында муцин және зимоген. Оның сөлі әлсіз реакциялы, май, белок көмірсу аздап ыдырап, либеркюнді бездер он екі елі ішек кілегей қабырғаларында және барлық ішектерде орналасқан.
Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті: Сұйық және тығыз бөлімінен тұрады. Сұйық бөлімінде неорганикалық және органикалық заттар ерітіндісімен қаннан тасымалданатын сұйықтықтар болса, тығыз бөлімінде сарғылт масса, фермент белсенділігі жоғары.
Ішек сөлінің реттелуі: 1) жергілікті механизмдер. 2) гуморальдық фактор.
Аш ішекте қуыстық және қабырғалық асқорыту болады.
1) Қуыстық - ішек қуысына түскен ас қорыту сөлі және оның ферменттерімен іске асырылады. 2) Қабырғалық ас қорытуда пайда болған мономерлер қанмен лимфаға сіңіріледі. 3) Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатында, мембрана бетінде және микробүрлер жасушалары мембранасының өзінде жүреді. Ащы ішек моторлық қызмет атқарады.
Реттелуі:1) Миогенді – ішек бұлшықет автоматиясы, жиырылуы. 2) Жүйкелік – парасимпатикалық жүйке моториканы жоғарылатады, симпатикалық жүйке моториканы бәсеңдетеді. 3) Гуморальдық – гормондармен реттеледі.
5. Тоқ ішектегі ас қорыту. Ащы ішекте өңделген химус біртіндеп тоқ ішекке өтеді. Химус – ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен өтпен және ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың заттарына айналады. Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында - қимадан, жылқыда – қартадан), тік ішектен тұрады. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрлер жоқ та, көптеген бокал тәрізді жасуша болады. Мұнда сөл аз бөлінеді, шырыш көп мөлшерде кездеседі. Сөлдің сутектік көрсеткіші 7,6 – 9,0.
Ас қорытудағы тоқ ішектің рөлі: Ащы ішекте тағам толығымен қорытылып, сіңіріледі, химус тоқ ішекте гидролизге ұшырайды. Гидролиз химус ферменттерімен, микроогрганизмнен және тоқ ішек сөлімен іске асырылады. Тоқ ішек сөлінде энтерокиназа, сахараза, сілтілік фосфатаза мөлшері ащы ішекке қарағанда аз. Көмірсу және май ыдырауымен салыстырғанда, белоктың ыдырауы қарқынды түрде жүреді. Тоқ ішекте белоктардың шіру нәтижесінде NH3, СО2, Н2S және уытты аминдер: крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. Бұл заттар қанға өтіп, қан арқылы бауырға өтеді де, бауырда залалсызданады.
Тоқ ішектің моторикасының реттелуі: 1) Жүйкелік – парасимпатикалық жүйке үдетсе, симпатикалық жүйке бәсеңдетеді. 2) Гуморальдық – серотонин, глюкагон төмендетеді.
Дефекация (нәжіс бөлу). Ас қорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады: 1) Афференттік – дефекацияға мұқтаждық тудыру; 2) Эфференттік – нәжіс шығару.
Реттелуі: Дефекацияның жұлындық орталығынан астаулық жүйкесі құрамында а) парасимпатикалық талшық бойымен келген серпіністерге байланысты, сфинктер тонусы төмендетеді, тік ішек моторикасы жоғарылатады; б) симпатикалық сфинктер тонусын жоғарылатса, тік ішек моторикасын төмендетеді.
6. Қоректік заттарды сіңіру. Сіңіру деп әр түрлі заттардың жасушалар қабаты мен жасуша-аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің барлық ұлпасында орын алады, дегенмен оған құрылымы мен қызметі жағынан ас қорыту жолының эпителий жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде жасуша мембранасы мен жасуша аралық заттар маңызды рөл атқарады.
Казіргі кездегі деректерге қарағанда қоректік заттарды сіңіру процесі үш жолмен жүреді.
1. Кейбір заттар ішек қуысынан қанға не лимфаға ықпалды тасымалдау нәтижесіндеөз концентрацияларының айырмасына байланысты (осмос, сүзілу, диффузия негізінде) өтеді.
2. Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі пиноцитознәтижесінде сіңеді. Бұл жағдайда оларды жеке жасушалар сіңіреді де, одан әрі өзімен бірге ішек қабырғасынан алып өтеді. Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады. Мысалы, құлын ішегінің кілегей қабығынан алғашқы 36 сағат ішінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндердің еш өзгеріссіз өтетіні анықталды.
3. Бұл процестегі ең күрделі құбылыс – заттардың мембраналар арқылы тасымалдануы. А.М.Уголев энтероциттің апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдаушыдан құралған ас қорыту-тасымалдау ансамбліболатыны жайлы болжам жасады. Бұл теория бойынша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет