Эндокриндік бездердің (гр endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады:
метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері;
кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері;
түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).
Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико-химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі.
Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);
Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер-адреналин, норадреналин).
Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді.
Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.
Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді.
Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады: