Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Дәріс №5 Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы



бет23/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.

Дәріс №5
Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.


Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру.
Дәріс жоспары:

  1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.

  2. Гормондар гумарльдық реттелудің факторы.

  3. Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.

Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі. Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Эндокринология - гормондар туралы ғылым. Қазiргi кезде 60-қа жуық гормондар бар. Гормондар – ішкі секреция бездерінде пайда болатын, физиологиялық, химиялық белсенділігі бар заттар.
Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне: зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуіне әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады.
Эндокриндiк жүйелердi басқарып, оларға бағыт берiп отыратын мидың ерекше бөлiмi гипоталамус болып табылады. Гипоталамус ОЖЖ келген хабарларды қабылдап, қорытынды шығарады. Осы хабарларға жауап ретiнде бiрқатар реттеушi гормондар бөледi, бұл гормондар гипоталамустан гипофиздiң алдыңғы бөлiмiне түседi. Гипоталамустың жүйке клеткаларында ерекше бiр қасиеттер бар, олар бiр жағынан, жүйке импульстерiн қабылдап, оларды жүйке медиаторларының (норадреналин, дофамин, ацетилхолин, серотонин, аминомай қышқылдары) көмегiмен хабарлап отырады. Екiншi жағынан бұл клеткаларда нейрогормондар амин қышқылдарынан тұратын заттар бөлінеді, көбiнесе оларды рилизинг – фактор рилизинг-гормон деп атайды (releasing – босатамын деген сөз). Негiзiнен бұл гормондар гипофиздiң эндокриндiк клеткаларына бөлiнетiн гормондарды босатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет