Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет22/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Иірімді тутік (ұлу) - орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға - сопақша тесіктен басталаіын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді тутік өзегіне, - бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің төбесінде бір-бірімен тар тесік - геликотрема, - арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мұнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.
Корти мушесі - күрделі құрылым. Ол негізгі мембрананың ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен сүйеніш жасушалардан құралады. Есту жасушаларының ұшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасқан, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады.
Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан орі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сүйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі ұлу жуйкесінің үштарынан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан есту талдағышының қыртыстық бөліміне беріледі.
Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі
Ішкі құлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктер вестибулалық аппаратты қүрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.
Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір ұшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын рецепторлық жасушалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозғ-лыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы рецепциялық жасушаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми құрылымдарына қимыл бағытының езгерістері жайлы ақпарат жіберіледі.
Сағаның (кіреберістің) қапшықтарында сезімтал жасушалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады, Бұл сезімтал жасушалардың бір бөлігі цилиндр пішшді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бос түрған бір қимылдағыш және бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бұл жасушалар ерекше іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (отолит мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқылды кальций кристалдары - құлақтас (отолиттер), - жатады, ал жарғақ сезімтал жасушалар кірпікшелерін қысып тұрады. Қимыл үдегенде не баяулағанда, дененің, бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде отолит өз салмағымен жасуша кірпіктерін кереді, не басады, не бір бүйірге тартады. Осыдан сезімтал жасушалар тітіркеніп жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.
Вестибулалық аппараттың рецепциялық жасушалары вестибулалық түйін түзетін қос өрісті жасушалар өсінділерімен синапс арқылы жалғасады. Осы қос өрісті жасушалар аксондары есту жүйкесінің вестибулалық тармағын түзеді. Вестибулалық аппаратта пайда болған имплульстер есту жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы вестибулалық ядроға беріледі. Осы жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістікгегі жағдайы жайлы ақпараттар алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша мидың вестибулалық ядроларынан өткеннен кейін вестибулалық аппараттың афференттік жолы айқасады да, таламустың вентро базальдық құрылымдарына бағытталады. Бұл кұрылымдардан афференттік импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет