Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет21/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Есту анализаторы
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі.
Сыртқы қулақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп тұрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.
Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері - балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал узеңгі - ішкі құлаққа баратын солақша тесікті жауып тұратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып түратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.
Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекгі қалқанда екі тесік болады. Олар жұқа дәнекер ұлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім тутіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікті -саға (кіреберіс) терезесі деп атайды.
Ішкі құлақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құрылымның арасыңда периаимфа, ал жарғақты лабиринтгің ішіңде эндолимфа (ішкі сұйық) болады.
Сүйекті лабиринт үш құрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (ұлудан) және жартылай дөңгелек түтіктерден, - түрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін құрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай дөңгелек түтіктер тепе-тендік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.
Саға - кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға болінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелек түтіктермен, ал дөңгелек қапшық - иірімді түтікпен жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет