Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе



бет31/48
Дата23.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#150471
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Байланысты:
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2, Оспанова Арайлым Питон, 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Лейкоциттер (leukos-ақ, cуtos-клетка) – ақ қан түйіршіктері.
Бір литр қанда 4,5 – 9,5мың лекоцит болады. Лейкоциттер сүйектің қызыл майында, лимфа түйіндерінде, фолликулада және көкбауырда түзіледі, 20 күн тіршілік етеді. Лейкоцит қанның ақ клеткасы, ядросы бар, дм 12 мкм, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтарын шығарып (псевдоподий) қозғалады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да ауырған адамда да өзгеріп отырады.
Лейкоцит түрлері:
1. гранулоцит немесе түйіршікті лейкоцит: нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер;
2. агронулоцит немесе түйіршіксіз лейкоцит: лимфоциттер, моноциттер.
Бір мм3 жас балалар қанында 7-10 мың, ересектерде 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоцит қорғаныш қызметін атқарады. Олар организмге еніп кеткен бөгде заттар мен микроптарды сіңіріп жоюға қабілетті, оны фагоциоз деп атайды. (И. И. Мечников).
Лейкоцит түрлерінің проценттік қатынасын лейкограмма немесе лейкоцитарлық формула деп атайды:

  1. Лейкоциттер – 4,5-9,5 мың мм3;

  2. Базофилдер – 0,5-1 %;

  3. Эозинофилдер – 1-5 %;

  4. Нейтрофилдер – 50-72 % (сегментті ядролы);

  5. Лимфоциттер – 18-38%;

    1. Моноциттер – 2-10 %.



Нейтрофилдер – лейкоциттердің ішіндегі ең көбі (50-70%). Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың залалды әсерлерінен қорғайды. Оларды қоршап сіңіреді және ферменттер арқылы ыдыратып жояды, залалды заттармен әрекеттесетін белоктар және вирустарға қарсы интерферон бөледі.

Базофилдер – гепарин бөледі, ол гепариноциттер деп аталады. Гепарин қанды ұйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат. Базофилдер гистаминді бөледі.


Эозинофилдер – гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және құрамында гистамині көп өлі базофил түйіршіктерін сіңіріп қорытады. Эозинофилдер белоктан тұратын улы заттарды заласыздандырады, антидене қалыптастыруға қатысады, плазмоген жасайтын затты бөліп шығарады.
Лимфоциттер арнаулы иммунитет қалыптастырады, организмдегі барлық иммунитетті қадағалайды. Лимфоциттер екіге бөлінеді:

  1. Т-лимфоциттер (тимуска байланысты);

  2. В- лимфоциттер (буррсаға байланысты).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет