Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты дамуы. Дәріс мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: Қан құрамы және топтары.
Жүректің құрылысы мен қызметі.
Қан айналу жолдары.
Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы.
1.Қан және қанның негізгі қызметтері, қан құрамы мен мөлшері. Қан, лимфа және ұлпаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан адам және жануарлардың тіршілігіне қажетті аса маңызды сұйық ұлпасы. Қанның физиологиялық қызметтері:
Тыныс алу (оттегіні өкпеден ұлапаларға және көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге тасымалдау);
Трофикалық (асқорыту органдарынан ұлпаларға қоректік заттарды, минералды тұздарды, дәрумендерді жеткізу);
Экскреторлы (метаболизмнің артық өнімдерін ұлпалардан шығару);
Термореттеуші (қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады);
Гомеостатикалық (организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды);
Қорғаныш (клеткалық және гумаралдық иммунитет, қан ұюға қатысады).
Гуморалды реттеу (гормондар мен медиаторларды тасымалдау);
Креаторлы (клеткааралық ақпараттардың алмасуын қамтамасыз ететін макромолекулаларды тасымалдау).
Ересек адам организмінде шамамен 4-6 л болады.
Қан реакциясы – рН сутегі (Н+) және гидроксил (ОН-) иондарының арақатынасына байланысты (7,36-7,42). Қышқыл жағына қарай ығысуы – ацидоз, сілті жағына қарай ығысуы – алкалоз деп атайды. Осы деңгейде сақталу қанның буферлік қасиетіне байланысты болады:
Гемоглобин