хромосомалардың
генетикалық картасын
жасауға болады. Генетикалық карта деп бiр тiркесу
тобында болатын гендердiң орналасу сызбажобасын айтады.
Генетикалық карталар гомологты хромосомалардың әр жұбына жеке-жеке жасалады, онда
хромосомадағы гендердiң орналасу ретi мен бiр-бiрiнен салыстырмалы ара қашықтығы
көрсетiледi. Бұл ара қашықтықтарды 1% кроссинговерге сәйкес келетiн бiрлiктерде көрсету
мақұлданған. Бұл бiрлiктердi алғаш рет хромосомалардың картасын құрған Т.Морганның
құрметiне
морганида
деп атайды. Генетикалық картаны құруда әдетте, әр объектiге тән гендердi
белгiлеудiң белгiлi бiр жүйесi қолданылады. Бiрақ карта құрудың жалпы үлгiсi бiрдей. Онда
мiндеттi түрде тiркесу топтары, гендердiң толық немесе қысқартылған атаулары, хромосоманың
бiр жақ шетiнен басталатын морганидамен белгiленетiн ара қашықтық көрсетiледi.
Генетикалық тұрғыда бiршама жақсы зерттелген организмдердiң, мысалы, дрозофила
шыбыны, жүгерi, бұршақ, нейроспоралардың барлық хромосомаларының карталары жасалған
және оларда бүкiл гендердiң орналасқан орындары көрсетiлген. Қазiргi кезде адамның да барлық
хромосомаларының генетикалық картасы жасалынып, гендердiң орналасу ретi анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: