Талқылауға арналған сұрақтар
1.
Митоз бен мейозға ортақ және ортақ емес қасиеттердi атаңыз.
2.
Эволюция барысында мейоз процесi қалыптаспаса ол неге әкелiп соғар едi?
3.
Жынысты жолмен көбейетiн организмдердiң жыныссыз жолмен кобеюi мүмкiн бе?
4.
Адамның және жүгерiнiң I-метафазасында қанша биваленттер болады?
5.
Қандай организмдердiң ұрпағынан көп мөлшердегi генетикалық алуантүрлiлiктi
күтуге болады: вегетативтiк немесе жынысты жолмен көбейетiндерден бе? Неге?
6.
Адам клеткасындағы хромосомалардың қалыпты саны 46-ға тең. Ал
сперматазоидтар, жұмыртқа клеткалары және полярлық денелерде қаншадан
болады?
7.
Мейоз профазасының әртүрлi стадияларын сипаттаңыз.
8.
Митоздың нәтижесiнде неге хромосом жиынтықтары ұқсас жаңа клеткалар
түзiледi?
9.
Мейоздың биологиялық маңызы қандай?
Дәріс 3. Тұқымқуалаушылықтың негізі заңдылықтары.
Дәрістің мақсаты: Мендельдік тұқымқуалаушылық заңдылықтарын жете
қарастыру.
Кілтті сөздер:
Гибрид, гибридологиялық әдiс, F
1
, F
2
, F
3 ,
генетикалық анализ, ген,
доминантты белгiлер, аллель, рецессивтi белгiлер, аллеморфизм, бiрiншi ұрпақтың
бiркелкiлiк заңы, аллелизм, ажырау заңы, гаметалардың тазалық ережесi, зигота,
гомозигота, гетерозигота, фенотип, доминанттылық ережесi, толымсыз доминанттылық,
генотип, толық доминанттылық, моногибридтi будандастыру, талдаушы (анализдеушi)
будандастыру, Пеннет торы.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар
1 Белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуде қолданылатын әдiстер
2 Негiзгi генетикалық ұғымдар. Генетикалық символика. Будандастырудың жазылу
тәртiбi
3 Моногибридті будандастыру
4 Толымсыз доминанттылық
5 Талдаушы будандастыру
Достарыңызбен бөлісу: |